Коронавирусқа шалдыққанның бір белгісі – тамақ ауырып қалу. Алайда тұмау мен суық тисе де, тамақ ауыратыны белгілі. Ендеше екеуінің айырмасын қалай танимыз, соған көз жүгіртейік.
Ұлыбритания мамандарының айтуынша, тамақ ауру – коронавирусты жұқтырудың айқын белгілерінің бірі. Лондон Король колледжінің генетикалық эпиемиология профессоры, зерттеуші сарапшы Тим Спектордың мәліметінше, COVID-19 жұқтырған адамның тамағы "бір түрлі ауырады".
"Бұған коронавирус жұқтырған адамдарды сұрастырып барып көз жеткіздік. Науқастардың бұлай тамақ ауырғаны бұрын-соңды болып көрмеген. Бірінші рет екен", - дейді профессор.
Ғалымдардың айтуынша, коронавирус жұқтырған адамның тамағы ашып ауырады, қышып ауруы да мүмкін. Тұмаудағы сияқты су ақпайды, құрғақ келеді. Көмекей безі ісініп, қызарып кетуі де мүмкін.
Ковид тудырған тамақ ауруы ЖРВИ-ден (тұмау мен суық тию) пайда болған тамақ ауруынан бөлек. Атап айтқанда, ковид жұқтырған адамның тамағы бірер аптаға ғана созылады. Басында қатты ауырады да, кейін жеңіл формаға өтеді. Әдетте, 5 күн ғана ауруы мүмкін. Кейбірі ангинаға жалғасады.
"Коронавирус жұқтырған адамның тамағы ауырып, иіс пен дәм сезуі қатар жоғалып кетеді. Яғни, бірнеше белгі қатар келеді", - дейді Спектор.