- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тамағыңыз ауырып тұрса,...
Тамағыңыз ауырып тұрса, мына өнімдерді жемеңіз!
Қыс - тек мерекелер емес, тұмаудың да маусымы. Тұмау белгілерінің бірі - тамақтың ауыруы. Бізге үйреншікті кей өнімдер тамақтың тез жазылуына кедергі келтіреді. Ендеше, тамағыңыздың ауырып немесе қышып тұрғанын сезсеңіз, қандай тамақтардан бас тартқан жөн?
Қытырлақ тіскебасарлар
Чипсы, крекер, қытырлақ нан және осылар секілді басқа да тіскебасарлар қаттылығы үшін тұмаудың жағымсыз белгілерін күшейтеді.
Ащы тамақ
Тамағыңыз ауырып тұрған кезде рационыңыздан барлық ащы тұздықтар мен тіскебасарларды алып тастаңыз. Олар тамақтың ауыруы мен жөтелді одан әрі ушықтырып жібереді.
Цитрусты жемістер
Цитрусты жемістер С дәруменіне бай және олар иммунитетті қатайтады. Бірақ өзінің қышқылдығы үшін тамақтың қышуын және тітіркенуін күшейтіп жібереді. Сондықтан егер тамақтың ауыруы - ауруыңыздың негізгі белгісі болса, лимондар мен апельсиндерден бас тарта тұрыңыз.
Шикі қатты көкөністер
Сәбіз, балдыркөк секілді қатты көкөністерді жемей тұра тұрыңыз. Олар тітіркеніп тұрған шырыштыны одан әрі жарақаттап, жазылуына кедергі келтіреді. Тамағыңыз ауырып тұрған кезде көкөністерді бұқтырыңыз. Сондай-ақ олардан смузи немесе езбе дайындап жеген дұрыс.
Қызанақ жұмсақ көкөніс болғанымен, ол қышқыл тамаққа жатады. Сондықтан тамақ ауырғанда одан да бас тарта тұрған жөн.
Қуырылған тамақ
Қатты қуырылған өнімдер тамақтың қосымша тітіркенуін туындатады. Сондықтан ауырып жүрген кезде суға піскен және бұқтырылған тамақтар дайындаған жөн.
А. Жапатова