Жапониялықтар «Адам қандай тағам жесе, өзі де дәл сондай» дейді. Ал сіз күнделікті қандай тағам тұтынатыныңыз туралы ойланып көрдіңіз бе? Ал оның қанша уақытта қорытылатынын ше? Егер сымбатыңыз мінсіз, асқазаныңыз аурудан аман болсын десеңіз, төменде қанша уақытта қорытылатынын оқыңыз.
- Ашқарынға ішкен су бірден ішекке барады;
- Жеміс және көкөніс шырыны 15-20 минуттың ішінде;
- Жеміс пен көкөністен жасалған салаттар 20-30 минуттың ішінде;
- Қарбыз 20 минутта;
- Қауын 30 минутта;
- Апельсин, грейфрут, және жүзім 30 минутта;
- Алма, алмұрт, сары өрік, шие т.б. жартылай тәтті жемістер жарты сағатта;
- Қызанақ, салат, қияр, қызыл және көк бұрыш секілді көкөністер 30-40 минутта;
- Сәбіз бен шалқан 50 минутта;
- Ашқарынға жеген авокадоның құрамында май көп мөлшерде болатындықтан 1-2 сағатта;
- Жералмұрт, асқабақ, тәтті және кәдімгі картоп, талшын 1 сағатта;
- Күріш, қарақұмық, арпа сынды крахмалды тағамдар орташа есеппен 60-90 минутта;
- Күнбағыстың, асқабақтың, қауын мен алмұрттың дәні 2 сағатта;
- Су, шәй, кофе, какао, сорпа, сүт, жұмыртқа, пісірілген балық 1-2 сағатта;
- Тауық пен сиыр еті, қара бидай наны, алма, саумалдық, қуырылған картоп 3-4 сағатта;
- Қуырылған ет, майшабақ, үрме бұршақ 4-5 сағатта;
- Саңырауқұлақ 5-6 сағатта қорытылады.
Ұйықтардан 3-4 сағат бұрын тамақ ішпеуге тырысыңыз. Мұнымен қатар ас адамның жеке физиологиялық ерекшелігіне, қанша мөлшерде желінгеніне байланысты қорытылады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: вк желісінен