Табиғи шырынмен емделу (жалғасы)

Табиғи шырынмен емделу (жалғасы)

Табиғи шырындармен емделуді жалғастырамыз. Басы мына жерде.

ТОМАТ ШЫРЫНЫ

С дәрумені мен каротиннің қайнар көзі.

Пайдалы қасиеттері: жасушаларды бүлінуден қорғайды, дәнекер тіндердің пайда болуына ықпал етеді, гормондар синтезін күшейтеді, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.

Ерекше нұсқаулықтар: көз жанарының әлсіреуі, созылмалы әлсіздік, ұйқысыздық, терінің құрғауы, жүйке жүйесінің әлсіреуі.

Тосқауыл: жоқ.

Күнделікті: кішкене өсімдік майын қосып, кез келген уақытта ішуге болады.

АСҚАБАҚ ШЫРЫНЫ

Зат алмасуға қажетті дәрумендердің болуымен танымал.

Пайдалы қасиеттері: қан құрамындағы май көлемін азайтады, токсиндерді шығарады, иммунитетті күшейтеді.

Ерекше нұсқаулықтар: артық салмақ, ұйқысыздық.

Тосқауыл: жоқ.

Күнделікті: кез келген уақытта, ұйқысыздық кезінде ұйықтар алдында бал қосып, 1 стақан ішу.

АЛМА ШЫРЫНЫ

Пайдалы қасиеттері: қантүзілісті күшейтеді, бүйректегі тасты шығарады, ағзаны токсиндерден тазартады, қан құрамындағы холестеринді азайтады, көмірсулардың алмасуын реттейді, ішек флорасын қалпына келтіреді, әлсіз көктамырларды қатайтады.

Ерекше нұсқаулықтар: варикоз аурулары, қант диабеті, бүйректе тас болуы, шылым шегу, артық салмақ.

Тосқауыл: жоқ.

Күнделікті: артық салмақтан арылу үшін күніне 2 литр шырын ішу керек; ас уақытында ішкен дұрыс.

СӘБІЗ ШЫРЫНЫ

Каротинге бай, сонымен қатар, В, С, D, Е, К дәрумендері мен селен көптеп кездеседі.

Пайдалы қасиеттері: жүйке жүйесін жақсартады, өмірлік тонус, иммунитетті көтереді, қартаю процесін тежейді, көз жанарын жақсартады, ауыз қуысын тазартады, жасушалар алмасуын жандандырады – жасарту эликсирі болып саналады.

Ерекше нұсқаулықтар: пародонтоз, шылым шегу, әлсіреу.

Тоқсауыл: көп ішкен жағдайда тіндердің боялуы байқалуы мүмкін.

Күнделікті: міндетті түрде тамақтан басқа кезде ішу керек, шырынға бір шай қасық өсімдік майын қосып ішсе, болады.

ҚАРА ӨРІК ШЫРЫНЫ

В тобындағы дәрумендердің барлық түрі кездеседі, сонымен қатар С, РР және тағы басқа, мырыш пен цинктің үйлесімді байланысымен танымал.

Пайдалы қасиеттері: көмірсулардың алмасуын жақсартады, мазасыздықты басады, зейін қоюды арттырады, ішекті тазартады.

Ерекше нұсқаулықтар: ұзақ уақытқа созылған стресс, артық салмақ.

Тосқауыл: қант диабеті.

Күнделікті: артық салмақтан арылу үшін ас кезінде ішу. 

Суреттер: vkusnye-recepty-foto.ru, cutlife.ru, holistic-guide.com, sokovizhimalka.com, healthsnews.com

A. Mustafina