Табиғи шырынмен емделу

Табиғи шырын ішіп, ағзамызды жақсартып алуға әбден болады. Әлбетте, өзің жемістен сығып алған шырын әлдеқайда пайдалы. Егер ондай мүмкіндігің болса, тіпті керемет. Егер жоқ болса, дүкенде сатылып тұрған табиғи шырындарды пайдаланудың еш сөлекеттігі жоқ. Олардың пайдасыздығы жайлы қауесет шындығында өтірік. Пайдалы қасиеттері жағынан табиғи шырындардан еш қалыспайды. Сонымен қатар, тұрып қалған жемістерге қарағанда, құтыдағы шырындарда дәуремендер әлдеқайда көп. Заң бойынша, «табиғи шырын» деген жазу тек шынайы, қантсыз, лимон қышқылы қосылмаған табиғи шырын құтыларына жазылады, басқа кезде бұлар нектар болып келеді. Алайда соңғылары да пайдасыз емес. Өйткені кейбір көкөністер мен жемістерден таза шырын бәрібір көп шықпайды. 

ӨРІК ШЫРЫНЫ

Калий, фиол қышқылы, каротин, В5 дәрумендерінің, фосфор және магнийдің қайнар көзі.

Пайдалы қасиеттері: қан құрамын жақсартады, жасушалардың құрылысын қалыпқа келтіреді, ми жұмысын жандандырады, қартаюдың алдын алып, артық суды шығарады.

Ерекше нұсқаулықтар: етеккір келгенде, әлсіреу, көз жанарының, беттің құрғауы, шаштың түсуі, ойдан қажу, ісіну.

Тосқауыл: қант диабеті.

Күнделікті: тамақтан бөлек кезде ішу.

АНАНАС ШЫРЫНЫ

Өсімдік тағамдарында кездесетін барлық дәрумендерге ие. Құрамында 16 микроэлементтері мен бромелен сияқты ферменттер кездеседі.

Пайдалы қасиеттері: артық майды кетіріп, ағзаны жасартады, қан тамырларын холестериндерден тазартады, ақуыздың жақсы сіңуіне көмектеседі, тромб пайда болудың алдын алады.

Ерекше нұсқаулықтар: ангина (тамақты шаюға болады), тромбофлебит, гормоналды контрацептиктерді пайдаланғанда, семіздік, ұмытшақтықта ішу керек.

Тосқауыл: гастрит, асқазан жарасы.

Күнделікті: тамақтану кезінде ішу.

АПЕЛЬСИН ШЫРЫНЫ


С дәруменіне бай (бір стақанда – бір күндік мөлшер), биотин, фоли қышқылы және тағы басқа көптеген дәрумендер.

Пайдалы қасиеттері: бос радикалдардан қорғайды, қан тамырларын қатайтады, иммунитетті жақсартып, ми жұмысын жандандырады, жасушалардың алмасуын ынталандырады, майды кетіреді.

Ерекше нұсқаулықтар: суық тию кезінде, семіздік, шаршау, стресс, назардың бәсеңдеуі.

Тосқауыл: асқазан мен ас ішек жарасы, қышқылдығы төмен гастрит.

Күнделікті: аш қарынға ішуге болмайды.

ЖҮЗІМ ШЫРЫНЫ

Құрамында калий, кальций, магний, марганец, С, Р, РР, B1, B6, В12 және тағы басқа дәрумендер бар.

Пайдалы қасиеттері: тромбтардың түзілуінің алдын алады (аспириннен жақсы), несеп жолдарын тазартады, көмірсулардың алмасауын жақсартады.

Ерекше нұсқаулықтар: етеккір алдындағы іш ауруы, гормоналды контрацептивтерді пайдалану кезінде, стресс, ойдан қажу.

Тосқауыл: қант диабеті, созылмалы бронхит.

Күнделікті: тамақ ішпеген кездері немесе ас ішердің алдында.

ШИЕ ШЫРЫНЫ

С және каротин дәрумендеріне бай. Және де фоли қышқылы, темір, кальций, калий, өсімдік пигменттері – антоциан мен антоцианидтер кездеседі.

Пайдалы қасиеттері: қан құрамын жақсартады, қан тамырларын қатайтады, суық тиюді емдейді, ағзаны күшейтеді.

Ерекше нұсқаулықтар: анемия, артық салмақ.

Тосқауыл: асқазан жарасы мен асқазан қыжылында көп ішпеген жөн.

Күнделікті: ас кезінде.

АЛМҰРТ ШЫРЫНЫ

Басқаларынан құрамында пектин болуымен ерекшеленеді.

Пайдалы қасиеттері: микробтарды құртады, артық суды, артық шлактар мен токсиндерді шығарады. 

Ерекше нұсқаулықтар: бүйрек аурулары мен іш қату.

Тосқауыл: екіқабат кезінде, ішектің әлсіздігі.

Күнделікті: асқа 10-15 минут қалғанда ішу.

ҚАРАҚАТ ШЫРЫНЫ 

С дәруменіне (1/2 стақанда – тәуліктік мөлшер), каротин, рутин, ниацинге бай.

Пайдалы қасиеттері: көмірсулардың алмасуын реттейді, тері бездерін жақсартады, суық тиюді емдейді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Тұмау вирустарын кетіріп, иммунитетті жақсартады.

Ерекше нұсқаулықтар: қант диабеті, артық салмақ, тұмаудың алдын алып, емдейді, жүйке жүйесінің құртылуынан ағзаның әлсіреуі.

Тосқауыл: жоқ.

Күнделікті: кез келген уақытта ішуге болады. 

Жалғасы

Суреттер: diets.ru, liveinternet.ru, lady.tsn.ua, kumushka.com, nazdor.ru, bezedy.com, kuharka.com