Сіздің өмір...

Сіздің өмір...

Алдыңызда өмірді жақсартудың 10 құпиясы тұр. Көңілді көтеріп, денсаулықты арттыратын сол құпияларды, яғни жүзеге асыру керек әдет-қылықтарды бір керекке жарата жатарсыз. 

1. Ұйықтар алдында тамақтануға да, аш жатуға да болмайды. Осы ұсынысты қабылдап жатсаңыз, онда 1-2 күннің ішінде тәтті түстер көріп, жақсы көңіл-күймен тұратын боласыз. 

2. Асқа бұрыш салмауға тырысыңыз. Тамақтың аз мөлшеріне тойып үйренуге болар.

3. Газдалған сусындарды ішпеуге дағдыланыңыз. Шөлді басу үшін соншалықты сұйықтық керек емес.

4. Екі күн бойына кофе мен шай ішуді доғарып көріңіз. Мүмкін, жақсы ұйқы мен тәтті түстің кілті осында жатқан шығар?!

5. Бір күн бойы жүрген кезде және отырғанда тіп-тіке қалыпқа үйреніп көріңіз. Есте сақтау қабілеті жақсаратын секілді...

6. Ұйықтардан екі сағат бұрын теледидар мен компьютерді өшіріп тастаңыз. Алдағы арман мен арнайы мақсаттардың сырт нобайын көретін боласыз.
7. Екі күн бойына телефонмен тек іскерлік мақсатта ғана сөйлесіңіз.
8. Күніге алма, мандарин мен апельсин жеп тұрыңыз. Екі күннен соң-ақ мықты күш пен темірдей төзімнің иесі болуға бір қадам жақындай түспексіз. 
9. Әрбір қызықты және тамаша істерді ойланбай істеңіз. Мүмкіндіктің әлдеқайда көп екенін сонда барып аңғарарсыз. 

10. Әрдайым күлімдеп жүріңіз.
сурет:transerfing-blog.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 
Л. Лига