Соңғы кездері желіде «ұзақ ковид» деген терминді жиі көруге болады. Сарапшылар мен COVID-19 вирусымен ауырып кеткендер оның салдарларымен өте ұзақ күресу керек болатынын ойлап қауіптенеді. Ал кейбіреулер ауру әлі кетпеді, тек түрін аздап өзгертіп созылды деп санайды. «Ұзақ ковид» деген не?
Long COVID немесе «ұзақ ковид» кезінде иммунды жүйе ұзақ уақыт бойы вирусты толықтай жоя алмайды. Сол үшін ол ағзада айналып жүреді және созылмалы түріне ауысады. Ол органдар мен жүйелердің үнемі зақымдалуына әкеледі, ал адам айналасындағыларға қауіп төндіреді.
National Institute for Health and Care Excellence (NICE) сарапшыларының ойынша, «ұзақ ковид» 12 аптаға созылуы мүмкін. Постковидтік белгілер одан да ұзаққа созылуы мүмкін.
Long COVID пен постковидтік синдромның айырмашылығы қандай?
Көпшілік «ұзақ ковид» пен постковидтік синдромды синонимдер деп ойлайды. Бірақ кейін сарапшылар бұл түсініктерді бөлу керегін айтуда. Себебі long COVID кезінде вирус ағзада қалады, ал постковидтік синдромда иммунитет вирусты жеңді, бірақ ол үшін біраз әлсіреп қалады. «Ұзақ ковид» кезінде ауру белгілері толқын тәрізді, яғни жүйелі түрде түрлі қарқындықта көрінеді.
Өзіңізде «ұзақ ковид» екенін қалай анықтауға болады?
Бирмингем университеті жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, ғалымдар «ұзақ ковидпен» ауырған адамдарда болатын белгілерді анықтады. Олардың кең таралғандарын ұсынамыз:
- Шаш сапасының нашарлауы және оның көп түсуі;
- Аяқ-қолдардың ісіп кетуі және буындар мен бұлшықеттердің ауыруы;
- Иіс пен дәм сезудің өзгеруі;
- Депрессия, мазасыздық, өмірден қуаныш ала алмау;
- Күндізгі және түнгі уақытта ентігу;
- Шаршай беру, есте сақтаудың нашарлауы;
- Жиіленген жүрек соғысы мен кеуде тұсының ауыруы.