Қан қысымы – көп біліне бермейтін ауру. Көбісі дәрігерге қаралған кезде біліп жатады. Оған дейін аңғармаған да.
Бұл жағынан келгенде қан қысымы нағыз "киллер ауру" десек болады. Ал кез келген ауруды бастапқы шағында анықтап емделсек, жазылып кетуге, жүрек талмасы мен инсульттің алдын алуға болады.
Ендеше ғылымда гипертония атанып кеткен артериалды қан қысымын алғаш басталғанда-ақ қалай анықтауға болады, соны қарастырып көрейік.
Riverside Health System коммерциялық денсаулық сақтау жүйесінің мәліметінше, қан қысымының алғашқы белгілеріне бас ауру, ентігу, мұрыннан қан кету, жүрек соғысының жиілеуі, жүрекке ауа жетпей, мойын тұстың ауруы сынды белгілер жатады.
Мұндай белгілер байқалған жағдайда, қан қысымын өлшеп көру керек. Гипертонияны барынша ерте анықтаса, соғұрлым жақсы.
Қан қысымының алғашқы белгілеріне мыналар жатады:
- Жиі бас ауырады, бас сақинасы ұстайды;
- Әлсіздік;
- Құлақ шуылдайды, құлақ тұнады;
- Бет қызарады;
- Көп терлеу;
- Көз қарауытады немесе көзге "шыбын-бейнелер" елестейді;
- Таңертең оянғанда, аяқ-қол мен саусақ ісіп тұруы мүмкін.
Қан қысымын реттемесе, адам кейін жүрек-қан ауруларына шалдығуы, инфаркт пен инсульт алуы мүмкін.