Буын қабынып, ісінеді, жүре алмай қаласыз. Оның себебі біздің күнделікті жейтін тамағымыздан да болуы мүмкін. Ағзаға пайдалы деп саналатын кейбір тағамдар мен сусындар қажетті дәрумендер мен минералдардың көзі болып қана қоймай, әртүрлі ауру да тудырады.
Ғалымдар кәдімгі сүт тізе ауруын тудыруы мүмкін деп санайды. Бұл әдетте көптеген қиындықтарға кінәлі лактозадан емес, сүт протеині казеиннен екен. Ал ол ағазаға өте пайдалы деп саналады. Тіпті оны спорттық тамақтану түрінде бөлек қолданылады.
The Gut Co компаниясының негізін қалаушы және сау ішектің сарапшысы Сас Парсад казеиннің буындарға пайдасына күмән келтіреді. Ол артритпен ауыратын адамдарға денсаулыққа тигізетін әсерін бағалау үшін біраз уақытқа сүт өнімдерінен бас тартуды ұсынды.
«Сүт өнімдерінде буындардың айналасындағы тіндерді тітіркендіретін казеин деп аталатын ақуыз бар. Өсімдік негізіндегі сүтке ауысу оны жоюға көмектеседі», - дейді ішек денсаулық сақтау сарапшысы Парсад Express-ке берген сұхбатында.
Казеин сүтте ғана емес ірімшікте, кілегейде, балмұздақта да кездеседі.
Артритпен ауыратын адамдар үшін қабыну ықтималдығын азайту басты мақсат. Бірақ сүттен түбегейлі бас тартуға бола ма? Оның үстіне сүт өнімдері сүйектер мен тістерге пайдалы болып саналады, өйткені олардың құрамында ағза жақсы сіңетін кальций бар.
Бұл мәселе бойынша бірнеше зерттеулер бар: Германияда сүт өнімдерін қолдану іс жүзінде қабынуды күшейтетінін анықтады, дегенмен барлығында емес, экспериментке қатысушылардың шағын тобында ғана.
Жақында жүргізілген зерттеу, керісінше, сүт өнімдеріне бай тағамдар остеоартритпен ауыратын адамдарға жамбас ауыстыру отасында қажет екенін көрсетті.
Ғалымдар ерекше диетаны қолдануды ұсынады. Ол бойынша кейбір тағамдардан уақытша бас тартып нәтижені бағалаңыз.
«Содан кейін сіз бұл тағамдарды күнделікті жейтін тағамыңызға қайта енгізіп, ағзада қалай әрекет ететінін көресіз», - дейді Артрит қоры.