Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды құрайды.
Бір қызығы адамның өте сирек кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалға спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді. Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді.
Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда, заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар.
Сақтандыру менеджері Данышпан Балтамашұлының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмайтын болып шықты.
Қазіргі таңда елімізде адам өмірін сақтандыратын жеті бірдей сақтандыру компаниясы бар. Және өмірді сақтандырудың бастапқы құны 150 мың теңге болса, жоғарғы құны 2 млн теңгені құрайды.
Сурет:strahovki-moim.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт