Тазалыққа мән беріңдер! Суық деп қол жууға немқұрайлылықпен қарамаңдар. Темекі өмірімізден шығарылуы тиіс, темекі шегілген жерлерде отырмау керек. Спиртті ішімдіктер, қышқылды сусындар, әртүрлі дайын азықтар сияқты метаболик стресті арттырып, қартаюды жылдамдататын азықтардан алыс тұру керек. Әрбір стресте (ашулануда) ұстамды болу керек. Ұйқы жеткілікті болу керек. (Ересектер үшін 7 сағат) Жүйелі түрде тамақтану керек. Яғни үйде, кафеде немесе мектепте қысқасы барлық жерде жақсы тағамдар жеу керек. Цитрусты жемістер (лимон, апельсин, грейтфурт) мен көкөністер суыққа қарсылық көрсете алады. Дәнді дақылдар, балық, балғын сүт өнімдері, балғын көкөніс және жемістер мен зәйтүн майы сияқты азықтар дастарханнан үзілмеуі тиіс. Етті қуырып пісірудің орнына, күйдірмей торға немесе буға немесе қайнатып пісіру жолын таңдау керек. Тамақтарды аз-аздан жеу керек. Дастарханнан тоймастан тұру керек. Көп-көп су ішу керек. (Күніне 1,5-2 литр) Әр күні ең аз дегенде жарты сағат жүру керек. Әрекетті өмір салты салмақ қосуға бөгет болады.