- Негізгі бет
- Денсаулық
- Суыққа қарсы...
Суыққа қарсы
Фото:
all-pix.com
- Тазалыққа мән беріңдер! Суық деп қол жууға немқұрайлылықпен қарамаңдар.
- Темекі өмірімізден шығарылуы тиіс, темекі шегілген жерлерде отырмау керек.
- Спиртті ішімдіктер, қышқылды сусындар, әртүрлі дайын азықтар сияқты метаболик стресті арттырып, қартаюды жылдамдататын азықтардан алыс тұру керек.
- Әрбір стресте (ашулануда) ұстамды болу керек.
- Ұйқы жеткілікті болу керек. (Ересектер үшін 7 сағат)
- Жүйелі түрде тамақтану керек. Яғни үйде, кафеде немесе мектепте қысқасы барлық жерде жақсы тағамдар жеу керек.
- Цитрусты жемістер (лимон, апельсин, грейтфурт) мен көкөністер суыққа қарсылық көрсете алады.
- Дәнді дақылдар, балық, балғын сүт өнімдері, балғын көкөніс және жемістер мен зәйтүн майы сияқты азықтар дастарханнан үзілмеуі тиіс.
- Етті қуырып пісірудің орнына, күйдірмей торға немесе буға немесе қайнатып пісіру жолын таңдау керек.
- Тамақтарды аз-аздан жеу керек. Дастарханнан тоймастан тұру керек.
- Көп-көп су ішу керек. (Күніне 1,5-2 литр)
- Әр күні ең аз дегенде жарты сағат жүру керек. Әрекетті өмір салты салмақ қосуға бөгет болады.
Дереккөз: balalaralemi.kz
Г. Берік