Қазір адамды қымбат көлікпен не қымбат ұялы телефонмен таңқалдыра алмайсыз. Оның орнына, қазір трендке еніп жатқан жаңа үрдіс сымбат пен спорт. Өйткені, әлем бойынша семіздікпен күрес жүріп жатыр. Семіздік дерт. Адам өзі байқамағанымен, оның ағзасы артық майдың әсерінен қартая бастайды. Психологиялық жасы жас болғанымен, физиологиялық әрі биологиялық жасы қарттықты көрсететіндер саны артуда. Мұның бәрі тез дайындалатын тағам мен сапалы, табиғи өнімнің азаюымен байланыстырылады. Тұқымқуалайды немесе сүйектің ауырлығы деп ақталсақ та, тамақ арқылы артық майды өзіміз жинап отырғанымыз жалған емес. Сонымен, дұрыс тамақтану режиміне бірден көше алмасақ та, алғашқы қадамды жасап көруге қалай қарайсыз?Әрбір қазақ отбасында қалыптасқан түсініксіз қағида бар: бала тамақтанбаса ауырады деп ойлаймыз. Оның тойдым дегеніне қарамастан, тәрелкеде тамақ қалмауын қадағалаймыз. Дегенмен, бала ағзасы өзіне қаншалықты мөлшерде тамақ керектігін жақсы біледі. Міне, семіздікке алғашқы қадам осыдан басталады.Сонымен қатар, нан, ұн тағамдары мен қант қазақ дастарханында үнемі тұратындықтан, әлемдік #дұрыстамақтану режимі тағы бір диеталардың бірі секілді көрінері анық.1. Кішкентай тәрелке арқылы тамақтаныңыз:2016 жылғы статистика бойынша, Қазақстан тамақтану академиясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес елімізде ер адамдардың 36,8%-і, ал әйелдердің үлесі 30,6% семіздік дертіне шалдыққан. Демек, жейтін тамағымыз бен тамақ мөлшеріне өзгеріс керек.Бәрін тәрелкемізді ауыстырудан бастайық: Брайан Вансинк (Brian Wansink) пен психологтар тобының ортақ жүргізген зерттеуіне сүйенсек, 30 сантиметрлік емес 25 сантиметрлі диаметрге ие тәрелкені қолдансаңыз, бір жылда 22%-ға аз мөлшерде тамақтанасыз. Мұны оқып отырып, Үлкен тәрелкеге аз мөлшерде тамақ салсам жеткілікті емес пе? деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Бірақ, миды алдау соншалықты оңай емес. Үлкен ыдыстағы кішкентай тамақты ми аз деп қабылдайды да, тоймағандай әсер қалады. Ал, кішкентай ыдысқа дәл сол тағам мөлшерін салсаңыз, миыңыз жеткілікті деген мөлшерді көрсетуі әбден мүмкін. 2. Тамақпен бірге шай ішуді қойыңыз:Тамақ ішпестен 30 минут бұрын суды ішуді тоқтатыңыз. Тамақтан соң сұйықтықты 1 сағаттан соң ішіңіз. Сол кезде тамағыңыздағы құнарлы заттар жасушаға сіңіп үлгереді. Ал, қантты шаймен, суық сумен немесе газды сусынмен тамақты қорыту мүмкін емес. Керісінше сұйықтық жасушаға құнарлы заттардың баруын тоқтатады.3. Ұн, нан, макарон түрлерін алмастырыңыз:Жай ғана алмастырып қана қоймай, олардан бас тартуғы тырысыңыз. Олардың орнына қарақұмық, жасымық, бұршақты қолданып, ақ бидай ұнының орнына сұлы ұнын қолдануға тырысыңыз. Шайды қантсыз ішуді үйреніңіз. Қант артық майдың басты себебі. 4. Фаст-фудқа қанша шығын шығарасыз?Кем дегенде 3000-5000 теңгеңізді сүйікті KFC, бургер мен сушиға жұмсаймыз. Бірақ, ол ақшаға тойымды әрі пайдалы, бірнеше күнге жеткілікті 5кг алма, 3кг қарақұмық пен бірнеше килограмм көкөніс алуға болады. Ал, сіз оның орнына ішіңізге жиналатын майды өз қолыңызбен сатып алуды жөн санайсыз ба?5. Кешкі тағамдарды айранға алмастырыңыз:Айран немесе қияр кешкі ас үшін таптырмас азық. Суды кешкі ұйқы алдында ішпеңіз. Өйткені, судың сіңуіне де уақыт керек. Ұйқы алдындағы су денеңіздің ісінуіне әкеледі. Сондықтан, кешкі асыңыздан бұрын суды тоқтатқаныңыз жөн. Жегіңіз келетін барлық пайдалы тағамдардың барлығын түске дейін жеуге тырысыңыз. Өйткені, сол уақытта адам миы секілді асқазаны да белсенді жұмыс істейді. Ал, түс ауа жеңіл тамақтануға тырысыңыз. Ұзақ өмір сүрудің ең кішкентай құпиясы тағамда.