Сүт – тыныс алу мүшесіне зиян

Кей тағамдар адамның тыныс алу мүшесіне кері әсерін тигізеді. Сүт және жұмыртқа секілді тағамдар баспа ауруына әкеп соқтыруы мүмкін. Ал пияз, сарымсақ секілді көкөністер бронх қабынауы ауруының алдын алады. Бета-каротинге бай жеміс-жидек, көкөністер өкпені қатерлі ісіктен қорғайды.

Англия мен Уэльс елдерінде жүргізілген зерттеу бойынша жеміс пен көкөніс жеп өскен балалардың тыныс алуында ешқандай кемшілік байқалмаған. Ал шұжық секілді өңделген ет өнімдерін, тез дайындалатын тағамдарды жеп өскен балалар тыныс алу кезінде қиналатындығы анықталған.

Жөтел

Жөтел тыныс алу мүшесіндегі микробтардың қозуынан пайда болады. Жалпақ тілмен айтқанда бұл жағдайда тамақ қышық, көкірек тұсы ашиды. Кейбір тағамдар жөтелді жойса, кейбірі тыныс алу мүшесіне зиянын тигізеді. Мысалы, жөтел пайда болғанда пияз, бал, лимон және А, С дәрумендерін көбірек жесеңіз, тез сауығасыз. Ал тұз бен сүт өнімдері микробтарды қоздырады.

Көбірек жеңіз                        Тұтынуға болмайды! Пияз                         Тұз Бал                          Сүт өнімдері Лимон   А, С дәрумендері

Бронх қабынуы

1. Муколитикке бай көкөністер сілекей көбірек бөлінуіне әсер етеді. Муколитик дегеніміз микробтарды шығаратын препарат (Мукалтин деген дәрі осы препараттың қосындысымен жасалады). Бұл препарат пияз бен шалғам (редиска) құрамында кездеседі. Шырынды пиязды жеп, кері тыныстасаңыз, жөтелу кезіндегі қиындыққа кезікпейсіз.

2. Кейбір жемістердің тамақты жібітетін қасиеті барын біріміз білсек, біріміз біле береміз. Құрма, інжір секілді жемістер тыныс алу мүшесіне кедергі болып тұрған қақырықты түсіруге көмектеседі.

Көбірек жеңіз!            Қолдануға болмайды! Пияз            Алкоголь Сарымсақ            Майлы тағамдар Шалғам   Ақжелкек   Жалпақ қияқты пияз (порей)   Екпе шиырмақ(кресс-салат)   Құрма   Інжір   Бал      

Демікпе

Демікпе – тыныс алу кезіндегі тұншығу. Көкірек тұсының сырылдауы, жөтел, қақырық бөлу, көкіректің ашуы демікпенің белгісі. Тұзды тағамдардан аулақ болған дұрыс. Шаң-тозаңнан да алыс жүрген абзал. Ірімшік, жаңғақ секілді тағамдарды демікпемен сырқаттанған жандарға жеуге болмайды.

Көбірек жеңіз!                          Қолдануға болмайды! Пияз                            Тұз Апельсин                            Тағамдық қоспалар Ақжелкек (хрен)                            Шарап Өсімдік майы                            Сыра Бал                            Шаян тағамдары Йогурт                            Ірімшік Көкөністер                            Жұмыртқа Магний                            Сыра ашытқысы В дәрумені                            Сүт Антиоксиданттар                            Жаңғақтар