Швеция ғалымдары майы алынбаған сүт өнімдері қант диабетінің алдын алуға көмектесетінін айтты. Дәрігерлер 27 мың адам қатысқан тәжірибенің нәтижелеріне сүйене отырып, осындай шешімге келген.
Швециялық ғалымдар 14 жыл бойы тәжірибеге қатысушылардың тамақтану рационы мен қан диабеті ауруына шалдығу динамикасын және олардың денсаулығын бақылап отырған. Бақылаудың нәтижесінде күніне 8 порция майлылығы жоғары сүт өнімдерімен тамақтанғандардың қант диабетімен ауыру ықтималдылығы өте аз болған. Олардың тамақтану рационында ірімшік (20 грамм), сүт (200 мл), сары май (7 грамм) немесе 25 грамм қаймақ қамтылған.
«Күнделікті рационға мұндай тағамдарды қосу артық салмақ қосуға әсер етпей ме?» - деп сұрауыңыз әбден мүмкін. Бұған дейінгі зерттеулер шамадан тыс көп тамақтанудың басты себебі – рационда ақуыздың жетіспеуі екенін дәлелдеген болатын. Екіншіден, тәттіқұмар болудың орнына, күн сайын сүт ішіп тұру әлдеқайда пайдалырақ екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Дайындаған: Айжан Бекболат
Сурет: mygazeta.com, vkusvill.ru
Оқи отырыңыз:
Сүт өнімдері семіздікті және жүрек дертін емдейді