- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сүт безі қатерлі...
Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?
Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда анықтау қиын, себебі ол айқын белгілерсіз өтеді. Кей жағдайда аурудың бастапқы кезеңінде кездейсоқ анықталады. Мысалы: басқа ауруды емдеу кезінде немесе жоспарлы медициналық тексерістен өту кезінде. Дегенмен көп жағдайда әйелдер метастаз пайда болғанда немесе қатерлі ісіктің өлшемі үлкейіп кеткенде, яғни асқынып кеткен стадияда дәрігерге қаралады. Сүт безі онкологиясы кең тараған патологияға жатады, сондықтан оны уақытында қалай анықтау керегін кез келген жастағы әйел білуі керек. Бастапқы стадияда ол емдеуге келеді және көп жағдайда органды сақтап қалуға болады.
Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері
Сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілеріне жағымсыздық сезу, сүт безінде тырсыйып тұрғандай сезім болуы, омырау ұшының өзгеруі (түсі, орналасуы) және қолтық тұсының ауыруы жатады.
Сүт безі онкологиясы мынадай белгілермен бірге жүреді:
1. Түрлі патологиялық жағдайға байланысты омырау ұшынан шығатын бөлініс консистенциясы, мөлдірлігі, түсі бойынша ерекшеленуі мүмкін.
2. Сүт безі терісіндегі кез келген ойықтар мен тегіссіздіктер жиі қатерлі ісіктің дамуын көрсетеді. Кез келген тегіссіздіктер жаңа түзілімдердің үлкеюін білдіруі мүмкін. Қатерлі ісік кезінде омырау терісі жиі апельсин қабығына ұқсап кетеді.
3. Сүт безі қатерлі ісігін өздігінше жиі омыраудың екі түрлі болуынан анықтауға болады. Қатерлі ісіктің өсуінен бір сүт безінің өлшемі үлкейіп кетеді. Әдетте, сүт безі қатерлі ісігі кезінде бір жақ омырау үлкен, екіншісі кіші болады.
4. Тері өз түсін өзгертеді. Онкологияның даму стадиясына қарай тері қызыл, көк, қою қоңыр болып өзгереді. Бірақ, керісінше де болады, яғни, эпидермис жасушалары өз түсін жоғалтады.
5. Омырау ұшының орналасуы немесе түсі, пішіні өзгерсе, бұл дәрігерге қаралуға себеп.
6. Терінің қалыңдауы, терінің қыши беруі, терінің құрғақтап кетуі де алаңдатуы керек.
7. Қатерлі ісіктің бастапқы стадиясында омырау ауырмайды. Ол тек асқынған кезде ауырады.
8. Қолтықтағы лимфалық түйіндердің үлкейіп кетуі де қатерлі ісіктің бір себебі болуы мүмкін.
Бұл белгілердің біреуін болсын өзіңізден байқасаңыз, бірден дәрігерге қаралыңыз. Жалпы әйелдерге сүт безін жылына бір рет УДЗ-ға түсіріп, жоспарлы түрде тексеріліп тұру ұсынылады.
А. Жапатова