Сусынды түтікшемен ішкен бір қарағанда ыңғайлы көрінуі мүмкін. Шөл қандыруға да болады бір жағынан. Алайда АҚШ ғалымдарының айтуынша сусынды бұлай ішуге болмайды. Оның бірнеше зияны бар көрінеді.
Америка мамандары The Washington Post басылымына берген сұхбатында түтікшемен сусын мен су ішудің мынандай зияны бары айтылады.
Біріншіден, түтікшемен бірге ішке, асқазанға қарай көп ауа кіретін көрінеді. Түтікшемен сусын ішуді әдетке айналдырған адамның асқазаны аэрофагияға ұшырап ауруға шалдығуы мүмкін.
Екіншіден, түтікшемен сусын ішкен адам қалай көп сұйықтық ішіп қойғанын байқамай қалады. Ал қазіргі сусындарда қант пен бояғыш қоспалар көп қосылатындықтан, адамға зияны шаш-етектен. Артық калория мен салмақ, май жиналуға себеп болады.
Үшіншіден, ерін мен иек маңайын әжім басуы мүмкін.
Түтікшемен сусын ішу арқылы тісті тісжегіден аман сақтауға болады деседі. Алайда тісті аман сақтаудың ең оңай жолы – ол қанты жоқ сусын ішу. Осымен түтікшемен сусын ішудің бұл төртінші зияны болмақ.