- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сусындардың орнына су...
Сусындардың орнына су ғана ішсеңіз не болады?
Су – тіршілік көзі. Бұл мектеп қабырғасынан келе жатқан белгілі нәрсе. Бірақ біз қанша оқып, су туралы түрлі кеңестер алсақ та оның қадіріне әлі жеткен жоқпыз. Себебі судың қасиеті сіз ойлағаннан да пайдалы. Мәселен күнделікті ішіп жүрген тәтті шырындарды қарапайым суға айырбастап көрсек не болатын еді?
Тез арықтайсыз
Бұл жетістікке жету үшін қатарынан тоғыз күн тоқтаусыз шырынды сусындар емес су ішіңіз. Бұл салыстырмалы түрде алған кезде күнделікті 8 км жүгіргенмен бірдей.
Миыңыз жақсы жұмыс жасайды
Ми – судан тұратын адамның ең маңызды бөлшегі. Мидың 75-85% судан құралған. Сондықтан су көп ішкен сайын мидың жұмыс жақсарады. Тіпті есте сақтау қабілеті де артады.
Көп жеуден тиыласыз
Су адамның тәбетін қашырады. Бұл әрине мүлде тамақ ішпеңіз деген сөз емес, су өзі-ақ бәрін реттейді.
Денеңіз еркін қозғалады
Денеңіздегі шаршау, өзін әлсіз сезіну сезімдері жоғалады. Тез әрі сапалы жұмыс жасай бастайсыз.
Су – дерттің емі
Суды көп пайдалану арқылы сіз көптеген жұқпалы және жаман аурулардың алдын аласыз.
Жүрек қалыпты жұмыс жасайды
Күніне 5 кесе су ішу арқылы сіз жүрек талмасын 41 % дейін төмендетесіз.
Теріңіз балғындығын сақтайды
Бір ай ішінде тұрақты су ішуді жалғастырсаңыз, теріңіз балғын қалпын қайта сақтап, ажарыңызды көрікті етеді.
Ақшаны да үнемдейсіз
Шырынды суға кететін ақшаның жарты бағасына сіз су сатып ала аласыз немесе үйде жүріп қана тегін суды пайдалана аласыз.
М. Ақан