Осыдан 1-2 жыл бұрын жарты жылдай супермаркетте жұмыс істеп көргенмін.. Супермаркет аралаған, керек дүниеңді содан алған, әрине, жақсы. Бірақ ішінде жүріп түрлі қулық-сұмдықты көріп алған соң ендігі барғанда күмәнданбай тұрмайсың.
Алдау барлық жерде бар ғой, бірақ өз көзіңмен көрмеген соң оны, тіпті, байқамайсың да. Сонымен, мен жұмыс істеген жерде халықты қалай алдайтын еді?
1. Барлық өлшеніп қойылған тауарларды (мысалы, өлшенген қант, ұн тағамдары, конфеттер, қаптамадағы жеміс-жидектер) үстіне грамм қосып сататын. Оларды басқа бөлмеде өлшеп дайындайды. Өлшегенде үстіне ауырлау кішкене зат қояды, мысалы гірдің шетінде конфет тұрады.
2. Жарамдылық мерзімі өтуге жақын тұрған тауарлар үнемі алдыңғы қатарда тұрады. Тез өтіп кетуі үшін. Жаңадан келген тауарлар үнемі артында. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлардың қаптамадағы жазуы өшіп қалады. Сондықтан, оны білдіртпей сүртіп тастап сата береді. Мысалы, жылтыр қағаздағы жаңғақтар. Жарамдылық мерзіміне міндетті түрде көңіл аудару керек!
3. Ашылған грек жаңғағының, яғни сол сияқты жаңғақтардың ішінде құрт көп жүреді. Олардың құртын түсіріп, судай жаңа салафанға қайта салып, датасын жаңадан қойып сата береді. Көп тұрып қалған конфеттердің, печеньелердің үстіне жаңа күнді қағазға қайта басып, жабыстыра салады.
4. Алмалардың көбі Қытайдікі! Оны ешқашан Қытайдан келген деп айтпайды. Өзіміздікі дейді. Ел оны мәз болып алады.
5. Жер қияры мен Миринда деген қиярлар өте ұқсас. Жер қиярының тікенегі аз болады. Және арзан болады. Ал Миринда қияры біткенде соның бағасымен жер қиярын сата береді.
6. 40 теңгенің орамжапырағын 85 теңгеге сатады. Арзан картоп келсе, бағасын, атын өздері өзгертіп қымбатқа сатады. Сөйтіп, өздеріне пайда түсіреді.
7. Қымбат алмалар бітіп қалса, орнына арзан алманы сол бағамен сата береді.
8. Тағам сататын жерде сіздің көзіңізше ғана арнайы қолғап, таяқ қолданады. Жинайтын кезде оны сатушы қолымен асап-асап жеп, бүкіл микробын түсіреді. Таңертен оны сатады. Мысалы, салаттар. Осы сияқты айлалары көп-ақ. Әр тауардан артық пайда көргісі келеді.
Біз білмейтін қулықтары баршылық қой. Сондықтан, орыстар 3 сағат жүріп таңдайды, иіскеп, айналдырып, қайта өлшеп. Асықпай қарап алғандарыңыз дұрыс... Бұл менің 1 супермаркеттен ғана көргенім.
Жолдаған, автор: Керім Аянқызы
Сурет: pchelka63.ru
Оқи отырыңыз:
Ағзаны тазарту теріңізді жасартады
Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз...
Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?
Сұлу болудың бір сыры