Қалыпты тамақтану – сұлулықтың кепілі. Егер қазіргі сұлу қалпыңызбен әлі де әлемді аузыңызға қаратқыңыз келсе, білікті дәрігер мамандар ұсынған мына өнімдерді пайдалануға тырысыңыз:
Асқабақ дәніЕгер теріңізді сепкілдер мен безеулерден тазартқыңыз келсе, асқабақ дәнін шағыңыз!
Екпе-шиырмақТемір мен антиоксиданттар арқылы бетіңіздің кіршіксіз таза болып тұрғанын қаласаңыз, екпе-шиырмаққа әуес болыңыз!
Саумалдық (Шпинат)Көз саулығын сақтап қалғыңыз келсе, саумалдықтан бас тартпаңыз!
АлмаТіс жиегінде сақталып қалған кофенің, қызыл шарап пен шәйдің қалдықтарын тазарту үшін алманы жиі жеп жүріңіз!
Жасыл бұршақШашыңыздың түсуінен шаршасаңыз, шаш саулығын сақтау үшін жасыл бұршақты көп пайдаланғаныңыз жөн.
Зығыр дәніОмега-3 қышқылы бар бұл өнім теріні жайландыруға көп көмек береді.
КивиС витаминіне бай жеміс жас қалпыңызды ұзақ сақтауға көмектеседі.
ЖұмыртқаТырнақтарыңыздың сау болғанын қаласаңыз, жұмыртқаға «жоқ» демеңіз. Өйткені оның құрамында тырнақтың беріктілігін сақтайтын биотин бар.
Сұлу келбетіңізге дақ түсірмегейсіз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: vseodetyah.com, tonnel.ru, allrecipe.ru, vse-o-ede.info, vartacom.ru, eko-jizn.ru, e-da.tv