- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сұлулықты сақтап қалғың...
Сұлулықты сақтап қалғың келсе егер...
Қалыпты тамақтану – сұлулықтың кепілі. Егер қазіргі сұлу қалпыңызбен әлі де әлемді аузыңызға қаратқыңыз келсе, білікті дәрігер мамандар ұсынған мына өнімдерді пайдалануға тырысыңыз:
- Асқабақ дәні
Егер теріңізді сепкілдер мен безеулерден тазартқыңыз келсе, асқабақ дәнін шағыңыз!
- Екпе-шиырмақ
Темір мен антиоксиданттар арқылы бетіңіздің кіршіксіз таза болып тұрғанын қаласаңыз, екпе-шиырмаққа әуес болыңыз!
- Саумалдық (Шпинат)
Көз саулығын сақтап қалғыңыз келсе, саумалдықтан бас тартпаңыз!
- Алма
Тіс жиегінде сақталып қалған кофенің, қызыл шарап пен шәйдің қалдықтарын тазарту үшін алманы жиі жеп жүріңіз!
- Жасыл бұршақ
Шашыңыздың түсуінен шаршасаңыз, шаш саулығын сақтау үшін жасыл бұршақты көп пайдаланғаныңыз жөн.
- Зығыр дәні
Омега-3 қышқылы бар бұл өнім теріні жайландыруға көп көмек береді.
- Киви
С витаминіне бай жеміс жас қалпыңызды ұзақ сақтауға көмектеседі.
- Жұмыртқа
Тырнақтарыңыздың сау болғанын қаласаңыз, жұмыртқаға «жоқ» демеңіз. Өйткені оның құрамында тырнақтың беріктілігін сақтайтын биотин бар.
Сұлу келбетіңізге дақ түсірмегейсіз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: vseodetyah.com, tonnel.ru, allrecipe.ru, vse-o-ede.info, vartacom.ru, eko-jizn.ru, e-da.tv
А. Әбілхан