Әрқашан сұлу көрінгіңіз келсе, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытымен тамақтанып, пайдалы заттармен айналысқаныңыз абзал. Сонда ғана жүрген жеріңізде ұмытылмас әсер қалдырып, көпшіліктің көзайымына айналасыз. Сондықтан бүгін біз сіздерге мынадай қағидаларды ұсынуды жөн көріп отырмыз.
1. Салқын әрі қараңғы жерде ұйықтаңыз
Жатын бөлмеңіз 18-20 градустан жоғары болмау керек. Себебі салқындық, тазалық, самал жел, таза ауа жүйке жүйесін жақсартады. Терезеңіздегі пердені жатар алдында міндетті түрде жауып жатыңыз. Өйткені адам қараңғы жерде ұйқыға кеткенде мелатониин гормоны бөлінеді. Ал мелатонин гормоны ағзаңызға көмектесіп, қартаюдың алдын алады.
2. 8 сағат ұйықтаңыз
Ертерек жатуға тырысыңыз. Күніне 8 сағат ұйықтасаңыз жеткілікті. Уақытымен жатып, ерте тұратын адамдар әрқашан әдемі көрінеді әрі көңіл-күйі де керемет болады.
3. Жаттығу жасаңыз
Сағат сегізге дейін ұйқыдан тұруға тырысыңыз. Тұра салысымен жаттығу жасауды ұмытпаңыз. Себебі жаттығу сіздің ағзаңыздың оянуына көмектеседі. Мысалы басыңызды онға, солға жүз рет айналдыру арқылы өзіңізді миға қанның құйылуынан аман алып қаласыз.
4. Су ішіңіз
Таңертең ұйқыдан тұрған бойда қайнаған таза су ішіңіз. Судың да сапасына мән беріңіз. Ол міндетті фильтрден өтуі керек. Шүмектен алған судың сіздің денсаулығыңыз бен сұлулығыңызға кері әсерін тигізетінін естен шығармаңыз. Күніне 2 литрден кем су ішпеңіз.
5. Ботқа
Ботқа – ең керемет таңғы ас. Жасұнықтар, көмірсулар, дәрумендер ботқада көптеп кездеседі. Суға пісірілген ботқа, қарақұмық пен күріш, жеміс-жидектер және жаңғақ қосылған сұлы жармасының ботқасы денсаулығыңызға өте пайдалы.
6. Ас мәзіріңізге мән беріңіз
Сағат кешкі жетіден кейін тамақ жемей-ақ қойыңыз. Сонда ас қорыту жүйесі түнде демалады. Сонымен қатар консервіленген, тәтті, майлы, тұзды және ұн өнімдерінен бас тартыңыз. Оның орнына балық, жеміс-жидектер мен көкөністер, астық тұқымдастар әлдеқайда пайдалы.
7. Қант пайдаланбаңыз
Қантты балмен, кептірілген жемістермен, фруктозамен оңай алмастыруға болады. Қантпен мәңгілікке қош айтысыңыз, ол үшін ешқашан өкінбейсіз. Өйткені тісіңіздің, теріңіздің, асқазаныңыздың амандығы осыған байланысты. Оған қоса кәріліктің алдын алып, миыңыздың жұмыс жасауын жақсартасыз.
8. Спортпен айналысыңыз
Күніне жарты сағат болса да спортқа арнаңыз. Таңертең де, кешке де спортпен шұғылдана беруге болады. Спортты күнделікті әдетке айналдырып, зиянды заттардың бәрінен бас тартыңыз. Сонда ғана сіз өзіңіздің денеңізді одан сайын жақсы көре бастайсыз. Спортсыз сұлу болу мүмкін емес.
9. Жаяу жүріңіз
Көбірек жаяу жүруге және кешке қарай саябақта серуендеуге тырысыңыз. Себебі ол сіздің жүрегіңізге өте пайдалы. Соның арқасында әрқашан келбетті әрі жас көрінесіз.
10. Жақындарыңызды тәрбиелеңіз.
Өзіңіз көрнекті әрі келбетті болуыңыз үшің жақындарыңызды да салауатты өмір салтын ұстануға үйретуіңіз керек. Қоршаған ортаңыз, айналаңыз таза болса, сіз де әрқашан әдемі көрінуге ұмтыласыз. Бәріңіз бірге спортпен шұғылданып, серуендеп, тек қана пайдалы тағамдарды тұтыныңыз.