Сұлу болам десеңіз, өзіңізді сыртыңыздан ғана күтіп қоймай, жалпы денсаулығыңызға күнделікті күтім көрсетіңіз. Ғалымдардың айтуынша мына тағам түрлері денсаулыққа көмек бергенімен қатар, сіздің сырт келбетіңізге тікелей әсер ете алады екен.
Асқабақ шемішкелері безеулерден таптырмас дауа болады екен. Безеулермен күресетін жандардың ағзасында мырыш жетіспейді, ал бұнда ол жеткілікті мөлшерде болады. Күніне бір ас қасық асқабақ шемішкесін жесеңіз, теріңіздін тегістеніп, безеулер кеткендігін бірден байқайсыз.
Шпинат көзге және көз маңындағы теріге ерекше әсер етеді алады. Шпинатта лютеин – көзді қорғайтын қосылыс көп мөлшерде болады. Күнделікті бір тәрелке шпинат салатын жеп не бір стақан шпинат шырынын ішіңіз.
Алманы сүйіп жейтін жандар тіс қиындықтарына шалдықпай, сонымен қатар олардың тістері басқаларға қарағанда ағырақ болады екен. Шәй не кофе тісіңізде қалдыратын қаралықты алманың шырынындағы қышқылдар керемет тазалайды.
Жасыл бұршақ кремнийге өте бай. Ал ғалымдардың айтуынша құрамында кремний көп кездесетін тағамдар шаш өсімін қалыпқа келтіріп, шашты байқарлықтай берік, мықты қылады екен.
Киви – С дәруменінің қайнар көзі. Сонымен қатар ол колаген атты заттың синтезделуіне көмектеседі, ал колаген ерте қартаюдан сақтайтын ғажап қосылыс. Теріңізде неғұрлым көп колаген болса, соғұрлым ол жас көрінеді. Ендеше киви күнделікті үстеліңізден орын алсын.
Тырнақ тап болатын қиындықтардан қорғаныс жұмыртқа екен. Аптасына бірнеше жұмыртқа жегендердің тырнақтары берік болады. Оның құрамында биотин атты В тобының белсенді дәрумендерінің бірі бар, ол май қышқылдарының жаңаруын қадағалайды.
Осы тағамдарды күнделікті жеп, нәтижесін күтіңіз!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: hamileyim.net