Әдетте, адам күніне 2,5 литрдей су ішетіні белгілі. Бірақ ыстық кезде 4 литрге дейін су ішіп қоятын кездеріміз бар.
Мамандардың айтуынша, адам нормадан артық су ішсе, ағзадағы минералды заттар шайылып кетуі мүмкін. Міне, осындай уақытта тұз қосылған суды ішуге тура келеді.
Тұз қосылған суды ішсеңіз, ауыз су шайып кеткен минералды заттарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бірақ тұзды суды да артық ішуге болмайды. Әсіресе, жүрегі ауыратын, ишемиялық ауруларға шалдыққан жандарға тұзды су шектеп ішу қажет.