Қиярдың да, судың да адамға пайдалы екенін бәріміз білеміз. Ал екі пайдалыны қосып пайдасын көрсе ше, қалай болар екен?
Қияр салынған су ыстықта шөл басады әрі ағзаны пайдалы заттармен байытады. Мұның 7 пайдасы бар.
Жүрек ауруын алдын алады. Қияр су бүйректегі тасты, яғни, артық натрий қоспаларын шайып әкетуге қуатты. Соның арқасында қан қысымы реттеліп, жүрек жұмысы жақсарады.
Сүйекті берік етеді. Қиярда К дәрумені мол болады. Ол сүйектің қатты болуына, берік болуына әсер етеді.
Дәрумен мен минерал береді. Қиярдың құрамында А және С дәрумені, марганец мол болады. Бұлардың ағзаға қажет екені айтпаса да түсінікті.
Аурудың алдын алады. Көз ауруы, диабет пен Альцгеймер ауруының алдын алу үшін көбірек қияр су ішу керек. Қияр суда антиоксидант жоғары болады. Ал антиоксидант ағзаны күйзелістен арылтып, қартаюдың алдын алады.
Зиянды, улы заттардан ағзадан шығарып тастауға қияр судың пайдасы мол.
Салмақ тастауға, аруға көмектеседі.
Бұлшықетке пайдалы. Қияр судың құрамындағы кремний бұлшықетке пайдалы қоректік зат бола алады.