Судың пайдасы
Шыныменде,күніне көп мөлшерде су ішу керек дегенді жиі естіп жатамыз. Қайда барсаң да,қалай болса да аурудың алдын алуды сумен байланыстырады. Ал сол су жайлы аңыз қаншалықты шындыққа жанасады,айтарлықтай пайдасы бар ма?
1. Салқын су зат алмасу қызметін жақсартады. Яғни астың қортылуында көмегі орасан зор.
2. Тонусты көтереді (жылы су). Адам өзін сергек сезінеді, өйткені, дәрумен мен минералдың таралуын қамтамасыз етеді.
3. Суды ретімен ішу салмақты бір қалыпты ұстап тұрады.
4. Ағзадан керек емес заттарды шығарып, қалдықтардан тазартады.
5. Теріні ылғалдандырады, рең береді.
6. Рак ауруларының алдын алады. Өйткені,су-тазартушы азық.
7. Ішек жолдарының жұмысын жақсарта түседі. (Іш қатқанда пайдасы зор)
8. Шаршағанды басады. Бұлшықеттің бірігуін қамтамасыз етеді.
9. Денсаулықты нығайта түсуге әсер етеді.
Адамның денесінде 40-50 литр су боладыекен. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Ал денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті.
А. Оралқызы