- Негізгі бет
- Денсаулық
- Судың қандай күші...
Судың қандай күші бар?
Су – тек тіршілік көзі емес, сонымен қатар кіршіксіз тазалықтың да символы. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, су – жан-жақты кері не оң әсер беретін фактор. Бұл құдірет адам баласын небір қиындықтардан сақтай алады екен.
Рас, судың құдіреті шексіз. Мәселен, сіз шаршап, көңіл-күйіңіз болмай үйге келдіңіз делік. Сол кезде салқын душ қабылдасаңыз, негативті ойлардан арылып, сергіп қаласыз. Кейін бір пиала шай , кофе ішсеңіз болғаны, көңіліңіз қалпына келеді. Демек, расымен де, су – адам өміріндегі елеулі қажеттіліктердің бірі. Сумен шайыну, бет жуу, моншаға барып тазарыну тек тән тазалығы ғана емес, сонымен бірге жан тазалығы да. Қалай дейсіз ғой? Суда эмоцияны реттейтін элементтер бар екен. Егер сіз біреуге назданып, ренжіп жүрсеңіз ішіңізде сақтамаңыз. Мейлінше, іштегі бар ызаны шығарып, душ қабылдаңыз. Жағымсыз ойларыңыз бен кері эмоцияңыздан арылып, көңілдің кірін де қатар шығарыңыз . Су бар жерде көңілсіз жүрмеген дұрыс. Ол тікелей сіздің өміріңізге әсер етуі мүмкін. Отбасыңызбен дастархан басына жиналған кезде де, жақсы әңгіме айтып, дұрыс сөйлеуге тырысқан жөн. Судың бірінші қасиеті тазарту болса, келесі қасиеті – тарту. Иә, магнит секілді өзіне тарту. Бұл жайында да қанша мақалалар жазылып, деректі фильмдер түсірілді. Керек десеңіз, мектеп бағдарламасына да кірген. Оған дәлел мына мысал: екі шыныға су құйылған. Бірінде жақсы, жылы сөз, келесіде жағымсыз сөздер жазылған қағаз бар. Ғалымдар су атомдарының құрылысынан қайсы жақсы, қайсы жаман сөз екенін аңғарған. Жақсы сөз жазылған су оң иондардан, келесісі теріс иондардан тұрған. Демек, су қағаздағы сөздерді өзіне сіңірген. Бұл тек ғылыми тәжірибе ғана. Біз байқай бермейтін күнделікті өмірдегі өзгерістер мен бетбұрыстарға да судың қатысы бар екен. АҚШ-та бір қызық оқиға болыпты. Тұрмысы нашар, кәдімгі өмірдің күйбең тіршілігімен алысып жүрген бір әйел, теледидардан деректі фильм көреді. Онда судың қасиеті мен құдіреті баяндалады. Сол кезде әлгі әйелдің құлағы «су - барлығын өзіне сіңіретін магнит» дегенді естиді. Сонда судың қасиеті арқылы жетістіктерге жетіп, тұрмысын жақсарта алатынына сене бастайды. Кейін ол көп қаржы табатын, ақша айналымы жақсы кеңселерге барып, бір бөтелкеге әр жерден су жинайды. Алғашында, еш өзгеріс болмаған соң алдамшы үміттің жетегінде жүргендей сезінеді. Судың еш сиқыры жоқ екенін түсінеді. Бірақ уақыт өткен соң табысы мол жұмысқа кіреді, сөйтіп тұрмысы күйлене береді. Қытайдың атақты философтары да, дәл осылай табысқа жетуге болатынын айтқан. Тіршілік көзінің сиқыры деп қалай айтпайсыз бұны? Әйтпесе мына оқиғаға назар аударыңыз. Қатты сырқаттанған қыздың шашы түсіп, күннен-күнге сирей берген. Қанша дәрі-дәрмек қолданса да, бірінен пайда болмапты. Барлық шашы түскеннен кейін қыз депрессияға шалдығады. Бұған психологтар сумен ем жасауды ұсынған. Ислам дінін ұстанған қыз, суға жүз рет дұға оқып, оң ниетпен емді бастайды. Бір жылға жетпей қыздың шашы қалпына келіп, жасаған емі шипасын беріпті. Бұл оқиғалардан соң судың кіршіксіз тазалығын, оның тіпті емдік қасиетін бар екенін қалай мойындамайсың?
Сіз де судың құдіретін біле жүріңіз! Күнделікті ішетін суды краннан, иә басқа да лас жерден ішпеуге тырысыңыз. Мүмкіндігінше арнайы фильтрленген таза су сатып алған жөн. Құбырдан аққан су ең әуелі денсаулығыңызға зиян болса, ондағы жайсыз кеңістік сіздің көңіл-күйіңізге әсер етуі мүмкін. Су ішерде жағымсыз ойдан арылыңыз. Әрдайым дұрыс ой ойлауды әдетке айналдыру қажет. Үй тазалаған кезде де келген-кеткен жаман эмоциялардын арылып, үйдегі қоқыспен біргесыртқа шығарыңыз. Қорыта айтсақ, су – тіршіліктің көзі мен бастауы. Судың барлық химиялық элементтермен әрекеттесуге күші бар. Сонымен қатар, қиял мен шынайы өмірді де әрекеттестіретін химиялық элемент.