- Негізгі бет
- Денсаулық
- Су арықтауға қалай...
Су арықтауға қалай көмектеседі?
Судың адам ағзасына пайдасы көп. Оның арықтауға да көмектесетінін естіп жатамыз. Арықтағысы келетіндерге суды көбірек ішуінің аз дегенде 6 себебі бар.
1. Су тәбетті басады
Асқазан толып тұрғанын сезгенде, ол миға белгі жібереді. Солай біз ары қарай ештеңе жегіміз келмейтінін түсінеміз. Ал су болса асқазанда аз орын алмайды, сондықтан ол толып тұрғандай сезім тудырады.
Сонымен қатар, адам шөлді қарны ашқан секілді қабылдауы мүмкін. Сондықтан негізгі тамақ ішер алдында 1 стақан су ішіп алған жөн. Ол артық тамақтанудан құтқарады.
2. Су калория кетіруге көмектеседі
Ғалымдар 500 мл су ағзаны әдеттегіге қарағанда 2-3% калория кетіруге мәжбүрлейтінін анықтады. Ал егер ол суық болса, одан да көбірек калория кетеді. Себебі ағза оны жылыту үшін энергия жұмсауы керек.
3. Су ағзаға артық нәрсені шығаруға көмектеседі
Сұйықтық жетпеген кезде ағза зәрді және нәжісті дұрыс шығара алмайды. Су аспаздық қалдықтарға орын ауыстыруға және жұмсаруға көмектеседі. Ал сіз сусызданғанда бүйректер сұйықтықты ұстап қала бастайды. Ол өз кезегінде ісіну мен артық салмаққа әкеледі.
4. Су жалпы калория қолданысын төмендетеді
Газдалған сусындар, жеміс шырындары, тәтті кофе немесе шай – бұлардың барлығы артық көмірсулар. Оларды қарапайым сумен ауыстырыңыз, сол кезде салмақ тастай бастайсыз.
5. Су май кетіруге қажет
Сусызданған ағза оны дұрыс істей алмайды, сондықтан тіпті, ең қатаң диетаның өзі сұйықтықтың қажетті мөлшері болмаса, нәтиже бермейді.
6. Су ағзаға физикалық жүктеме кезінде көмектеседі
Сұйықтық бұлшықетттерге, дәнекер тіндерге және буындарға дұрыс қозғалуға, ал өкпе мен жүрекке тиімді жұмыс істеуге көмектеседі. Жеткілікті су ішкен кезде бұлшықеттер сіңірінің тартылуы мен шаршау қаупі азаяды. Яғни, жаттығуға ештеңе кедергі келтірмейді.
А. Жапатова