Жұмыстағы шаршағандықтан арылудың бірден-бір жолы - жаттығулар жасау. Алайда ол үшін арнайы ыңғайлы киім, кроссовкілер қажет емес. Жұмыс орнында отырып-ақ, қарапайым жаттығулар жасау арқылы стресс пен шаршағандықтан құтылуға болады.
Ең біріншіден терең дем алып, ойларыңызды босатыңыз. Кейін мына жаттығуларды жасаңыз.
![]() | Орындыққа түзу отырып, қолды тізеге, екі аяқты еденге қойыңыз. Терең дем алып, дем шығарған сәтте алға қарай бүгіліңіз. Дем алғанда арқаны түзулетіңіз. Жаттығуды 5 рет қайталаған абзал. |
![]() | Терең дем алып, қолды жоғары көтеріңіз. Дем шығарған кезде оң жаққа еңкейіңіз. Қайта дем алғанда бастапқы орынға қайтыңыз. Осылайша екі жаққа еңкею жаттығуларын жасаңыз. Әр жаққа 5 реттен қайталаңыз. |
![]() | Қолды суреттегідей бүгіп, дем шығарған кезде денеңізбен оң жаққа қарай бұрылыңыз. Дем алғанда қайта орынға бұрылыңыз. Екінші жаққа да дәл солай. 5 рет қайталаңыз. |
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: realsimple.com
С. А
.jpg)
.jpg)
.jpg)