Спортпен айналысудың өте пайдалы екені жиі айтылып, жарнамаланып жатады. Мамандар спортпен айналысу үшін алдымен денсаулықты тексертіп алуға кеңес береді.
Себебі денсаулығыңызда ақау бар болса, спортпен абайлап айналысу керек. Оның үстіне жаттығу кезінде ағзадан белгілі бір мөлшерде токсин бөлінеді. Бұл токсиндер тері, бүйрек, бауыр арқылы сыртқа шығарылады. Егер күрделі жаттығулар жасап, адам ағзасына шамадан тыс күш түсірсе, онда зат айналу баяу жүріп, ақырында ауруға шалдығады.
Қандай спорт түрлері пайдалы?
Адам ағзасына айтарлықтай күш түсірмейтін әрі хобби болып есептелетін би, жүзу және таза ауада коньки, шаңғы, шана тебу, теннис, бадминтон, баскетбол, футбол, хоккеймен өте пайдалы. Бұл спорт түрлері адамдарды ұжымдаса отырып қимылдауға, ауызбіршілікке дағдыландырады.
Егер қоғамнан алшақ, оңаша болуды қаласаңыз, шахмат, дойбы, домино, тоғызқұмалақ ойындарын байқап көріңіз.
Жаттығудан кейін бірден тамақтанбаңыз. Аздап демалып, су ішіп, душ қабылдаңыз. Сұйық тамақтар ішіп, көкөністер мен жемістер жеуге дағдыланыңыз.
Егер спортпен айналысуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда бір мезгіл жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз.
Сурет: missfitness.ru
Оқи отырыңыз:
Билеуге ұялатындар үшін
5 минут жүгіру арқылы өмірімізді 3 жылға ұзартамыз
Арықтауға кедергі келтіретін 11 өнім