- Негізгі бет
- Денсаулық
- Спортпен айналысу созылмалы...
Спортпен айналысу созылмалы аурулардың алдын алады
Спортпен үнемі айналысу созылмалы аурулардың алдын алады. Әсіресе, қатерлі ісік пен қан қысымы, жүрек ауруларына шалдығу қаупі азаяды. Осылай дейді ағылшын ғалымдары.
Ноттингем университетінің зерттеушілері физикалық жаттығуларды жиі жасайтын адамның ағзасында каннабиодты заттардың деңгейі көтерілетінін, ал бұл өз кезегінде ағзаның тепе-тең күйде ұстауына мүмкіндік беретінін айтады.
Адам ағзасы – өз-өзін реттеуге, ырғағын сақтауға тырысады. Мәселен, ағза дене температурасының не көтеріліп, не түсіп кетпеуін, қанда қант деңгейінің нормада болуын қадағалап отырады. Сол сынды созылмалы аурудан қашу да – ағзаның бір қызметі.
Ал спорт ағзаның осы қызметінің дұрыс атқаруына көмектеседі. Ғалымдар спорттың созылмалы аурулардан аулақ болуға көмектесетінін бұрын да байқаған. Алайда оның механизмін түсінбеген көрінеді.
Зерттеу қан қысымына шалдыққан 78 адамға жүргізілген. Оның 38-іне күнделікті 15 минуттық жаттығу жасатқан. 6 апта бойы. Ал екінші топтағы 40 адам ештеңе істеген жоқ.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бірінші топтағы адамдардың ауырсыну белгілері қайтып, ішектегі пайдалы микробиомалардың көбейген. Микробиоманың ауырсыну мен қақсауды басатын қасиеті бары анықталды. Ағзада эндоканнабиноидты заттардың деңгейі көтеріліп, цитокиндердің көлемі азайған.
Қ. Слямбек