Спортпен үнемі айналысқан адам күйзеліс пен депрессия болмайды. Әрі үрей мен қорқыныштан да спортпен шұғылданып арылуға болады. Спорттың психотерапеялық әсері жақсы. Созылмалы депрессиядан дәрі-дәрмекпен емделгенге қарағанда спортпен шұғылданып арылған әлдеқайда дұрыс.
Осылай дейді швед ғалымдары. Олардың айтуынша, белсенді қимыл-қозғалыс пен жаттығу адамның көңілін сергек, денсаулығын қуатты етеді. Зерттеушілері созылмаы депрессияға шалдыққан жандарды жинап, 12 апта бойы спортқа берген. Түрлі жаттығулар жасатқан. Ішінде күш сынау мен тыныс алуды жақсарту мақсатында да жаттығулар берген.
Зерттеу нәтижесінде жаттығудың қай түрі болса да, науқастың жағдайын жақсартуға көмектескені анықталды. Ғалымдардың айтуынша, күйзеліс пен басқа да созылмалы психикалық аурулардан, мазасыздық пен қорқыныштан арылудың оңай жолы бар белгілі болды. Ол – спорт. Психотерапеяның басқа түрлеріне қаржы құртып қажет емес. Дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті шамалы.