Сөмкеңізде не бар?

Сөмкеңізде не бар?

Сөмкеңізде не бар?

Әйел сөмкесіндегі заттар оның иесіне қандай қауіп төндіреді? Өз заттарыңыздан өзіңізді қалай қорғау керек?

Әйел сөмкелерін микробиологиялық зерттеген соң, оның ішінде қожайынына аса қауіпті микроағзалар анықталған.

 Саңырауқұлақтар

Сөмкеде қалған тамақ қалдықтары – зеңнің пайда болуына қолайлы орта. Саңырауқұлақтар адамның ауыз қуысына, жұтқыншағына еніп, ауыр дертке душар етуі мүмкін. Саңырауқұлақ – ең көп тараған аллерген. Әйел сөмкесіндегі зат асүйге көшіп, тамақ пен ыдысқа да қона алады.

 Стрептококк

Ескі косметика – нағыз микроб ұясы. Оның құрамында адам терісінің майы, кір, тері бөлшектері қалып қояды. Стрептококк емделуі қиын ауруларға ұласуы мүмкін ауыр ангинаға әкеп соқтырады (гломерулонефрит).

Энтерококк

Қалта телефоны энтероколит ауруы мен жүректің ішкі қабығының қабынуын тудыратын энтерококк көбейетін орта болып есептеледі. Телефонға энтерококк лас қолдан жұғады.

Не істеу керек?

Телефонды залалсыздандыратын түрлі спрейлер бар. Мұны жүйелі түрде күнделікті жасап тұрған жөн. Қолды сулық не спрей түріндегі антисептиктермен жиі сүртіп тұрыңыз.

Косметика салатын ескі сөмкешелерді үнемі жуып, антисептикалық сулықтармен сүрткен дұрыс. Дұрысы, оны жиі жаңартып тұрыңыз.

Ерін далабын қолданар алдында, майлықпен сүртіп алыңыз. Осылайша оның беті шаң-тозаңнан таза болады.

Саңырауқұлақтарды болдырмас үшін, сөмкені теріс айналдырып, ішін жақсылап тазалап, антисептикпен залалсыздандыру керек. Әйел сөмкесін жиі жуу арқылы да оның тігістерінде жиналатын зеңнен құтылуға болады.

Сөмкелерге арналған ілгіш көп жерде бола бермейді. Сондықтан, сөмке ілгішін өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Оны сөмкенің өзіне салып қоюға болады. Ал үйде сөмке кез келген жерде жатпас үшін, арнайы ілгек алып, гардеробқа жинақы етіп іліп қойыңыз.

Сурет: info-rulit.blogspot.com