Адамдарды бір сәтке мобильді құрылғылардан айыру сананың дамуына теріс ықпал етеді. Миссури Университетінің зерттеуші мамандары өткізген тәжірибе осындай нәтижені көрсетіп отыр.
Расында адамдар смартфонсыз өзінің күнделікті жоспарын ұмытып, желідегі ақпараттардан кенде қалатыны белгілі. Ғалымдардың айтуынша, мобильді гаджеттерге үйреніп қалған азаматтар смартфондарынан алыстамай қойғандары жөн. Себебі бұл мидағы когнитивті функциялардың нашарлауына алып келеді.
Зерттеу жұмыстарын жүргізген жетекші маман Рассел Клейтон көбіне iPhone смартфондарын иемденген тұлғалар гаджетке өзінің бір бөлшегі ретінде қарайтынын айтады. Тәжірибенің ерікті қатысушыларына жұмбақ беріліп, оның жауабын тапқаннан кейін ғана телефон қоңырауына жауап бере алатыны ескерілген. Смартфон тұтынушыларының қоңырауға жауап беруге үлгере алмаған кезінде олардың көбіне жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы арта түседі екен. Сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан көңіл-күйі де түсіп кетуі байқалыпты.
Расында қатысушылар эксперимент туралы білмеген. Алғашында университет мамандары оларға қан қысымын бақылауға арналған сымсыз мониторды тәжірибеден өткізіп жатқандарын айтады. Бірініші жұмбақты еріктілер қолында смартфонымен тұрып шешеді. Сосын смартфонның мониторға кедергі болып жатқанын сылтау етіп, алынып тасталады. Белгісіз адамның мобильді құрылғыға қоңырау шалып қалған тұсында телефон иесі сасқалақтап, жұмбақты жылдам шешуге тырысады. Қатысушылар жауапсыз қалған қоңырауды байқаған соң келесі жұмбаққа да бар назарын аудара алмайды екен.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі The Journal of Computer-Mediated Communication журналында жарияланды.
Сурет: www.huffingtonpost.com
Түн ұйқысының қаншалықты маңызды екенін білесіз бе?
Құлаққаптың адам денсаулығына зияны
Англия азаматы әлемдегі барлық жануарлардың атын бір күнде ұмытып қалды
Қыста иммунитетіңізді нығайтқыңыз келсе