Смартфон экранындағы микроб дәретханадан да көп

Смартфоннан инфекция жұғуы мүмкін. Экраны жуылып-тазаланбағандықтан адам ағзасына қауіпті микроб пен вирустың ауру ошағына айналу қаупі бар. Осылай дейді Ұлыбританияның Суррея университетінің мамандары.

Мамандар күнделікті ұстап жүрген смартфонның экраны мен сыртқы қабатынан сынама алып тексеріп көрген. Сонда қауіпті ауру туғызатын патогенді бактериялардың смартфонда қаптап жүретінін байқаған.

"Атап айтқанда, тері мен ішек ауруына әкелетін инфекциялар, пневмония мен менингит сынды қауіпті бактериялардың барын байқадық. Кей жағдайда гаджеттің корпусындағы бактериялар дәретханадан 18 есе көп болуы мүмкін", - дейді мамандар.


Сондықтан инфекционист мамандар смартфонның экранын жиі сүртіп, қолды барынша жуып жүрген дұрыс дейді. Смартфон ұстаған қолмен бет-жүзді ұстауға болмайтынын да айтады.

Тағы бір айта кетерлігі, гаджетпен әжетханаға кіріп-шығуды доғарған жөн.