- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шығыс халқы ұстанатын...
Шығыс халқы ұстанатын тазалықтың 7 ережесі
Шығыс өркениеті - жер бетіндегі ең көне өркениеттердің бірі. Олардың ойшылдары айтқан әрбір сөз қазіргі таңда көптеген адамға өмірді тануға көмектесуде. Осы сөзімізді растау үшін бүгін біз сіздерге шығыс халқының тазалық туралы айтқан жеті ережесін ұсынамыз.
1. Қол тазалығы. Сізге тиесілі емес затты алмаңыз. Керек емес киімдерді жинап қоймай, айналаңыздағы адамдармен бөлісіңіз. Тапқан табысыңыздың тең жартысын болмаса да, мүмкіндігіңізше көмекке мұқтаж жандарға бөліңіз.
2. Құлақ тазалығы. Ашуланған адамды ешқашан тыңдамаңыз. Өсек-аяңнан қашық болыңыз.
3. Көз тазалығы. Өшпенділік, іштарлық, дұшпандық секілді қасиеттерден аулық жүріңіз. Біреудің ізінен еріп жүрмей, өзіңіздің ізіңізді қалдыруға тырысыңыз.
4. Ауыз тазалығы. Боқтық сөзді аузыңызға да алмаңыз. Өйткені бар абырой, беделіңізден айырылуыңыз мүмкін.
5. Дене мен киім тазалығы. Денеңіз бен киіміңізді әрқашан таза ұстаңыз. Бұл қоғамдағы барлық адамға қатысты.
6. Ой тазалығы. Негативті ойларды мүлдем өшіріп тастаңыз. Ол сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді.
7. Жан мен жүрек тазалығы. Қашан да шынайы болыңыз. Әр жасаған ісіңізді ерекше ықыласпен орындаңыз.
Бұл жеті шығыс ережесін ұстанатын болсаңыз, өміріңізді одан сайын жақсартасыз. Адал ниетті адам болсаңыз, сізді бәрі жақсы көретін болады.
Сурет: www.youtube.com
Ж. Исакаев