Шұжықтардың неден жасалатыны жайында ойланып көрдіңіздер ме? Оны кез келген нәрседен жасауға болады екен. Мұндай айлалы тәсілді батыстықтар ертеде ойлап тапқан. Барлығы оп-оңай: 20-22 пайыз су, 12 пайыз соя және ет, иістендіргіштер мен дәмдеуіштер қосылады.
Полимерлі қаптамадағы шұжықшаның (сосиска) құрамы:
45% – эмyльсия;
25% – соя ақуызы;
15% – құс еті;
7% – ет;
5% – ұн/крахмал;
3% – дәмдеуіштер;
Қысқа шұжық (сарделька):
35% – эмyльсия;
30% – соя ақуызы;
15% – ет;
10% – құс еті;
5% – ұн/кpахмал;
5% – дәмдеуіштер.
Қайнатылған шұжық:
30% – құс еті;
25% – эмyльсия;
25% – соя ақуызы;
10% – ет;
8% – ұн/крахмал;
2% – дәмдеуіштер.
Ұғындырмалар:
Эмульсия – тері, ет өндірісіндегі қалдықтар. Мұның барлығы ақшыл сұр түске боялады.
Құс еті – әдетте қоймаға қорапқа салынып әкелінетіндіктен, нақты құс еті екендігі анық емес, күлгін түсті ет текшелері.
Ет – төрт түлік малдың еті, кейбіреулері шошқа еті.
Ұн/крахмал – жүгері мен картоп ұны және крахмал.
Дәмдеуіштер – бояғыш заттар, еттің дәмін кіргізетін қоспалар, тұз, қант, бұрыш.
Шұжық сатып аларда, абай болыңыздар. Өйткені оның денсаулыққа тигізер пайдасынан зияны көп.
Дайындаған. Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru