Шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтамаса арты жақсылыққа ұласуы екі талай екені анық. Сол қауіптіліктердің бірі, суға түскен кезде аяқ-қолдың құрысуы. Суға түскенде аяқ-қолыңыз құрысып қалса қайтпек керек? Балаларыңызға тіпті ең мықты жүзгіштердің өзі батып кетуі мүмкін екенін түсіндіріңіз. Ал оның басты себебі, суға түскендегі аяқ-қолдың құрысып қалуы.Суға түскенде аяқ-қолыңыз құрысып қалсамыналарды орындаңыз: 1. Саусақтарыңыздың тартылып қалғанын сезсеңіз қолыңызды жұдырықтап, қолыңызды сыртқа қарай жылдам тастап, жұдырығыңызды ашыңыз. 2. Аяғыңыздың бұлшықеті құрысып қалған жағдайда еңкейіп, екі қолыңызбен зардап шеккен аяғыңыздың табанын іліп алып, тізеңізден өзіңізге қарай тартыңыз. 3. Жамбас бұлшық еті құрысып қалған кезде, аяғыңызды жіліншіктен төмен сырт жағынан қолыңызбен ұстап, тізеден артқа беліңізге қарай тартыңыз. Қандай да бір төтенше жағдайларда не істеу керек: 1. Қатты ағысқа түсіп қалсаңыз, оған қарсы жүзбеңіз. Кеудеңізбен немесе бір жағыңызбен (на боку) көлденең, сәл жылдамырақ жүзіңіз. 2. Ешқашан су иірілімдеріне жақын жүзбеңіз. Су иіріліміне түсіп қалсаңыз саспаңыз, өкпеңізге көбірек ауа жинап, суға сүгіңіз және өте қатты жылдамдық алып, судың ағысына қарай жүзіңіз. Осындай төтенше жағдайларды болдырмау үшіншомылуға болмайдыдеген белгі тұрған өзін-көлдерде шомылмаңыз. Мүмкіндігінше, жағажайларда, құтқару қызметі бар шомылатын орындарда демалғаныңыз дұрыс.Жағажайға барардан алдын, балаларыңызға суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріңіз.Бұл өзіңіз және балаларыңыз үшін пайдасы көп. www.anabol.kz