- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шипалы сазбен емделу...
Шипалы сазбен емделу
Сұлулық пен денсаулық – арзанға алған тауар емес. Оны сатып алу мүмкін емес, ал сақтау қиынға соғады. Сондықтан адамдар өз денсаулықтары жолында бәріне дайын болып, түрлі емдеу шараларынан бас тартпайды. Табиғи емдеу шараларының адам денінің саулығына берері мол. Солардың бірі – шипалы саз ваннасы (тек табиғи саз ғана қолданылады).
Сазбен емдеу тәсілінің тарихы тым тереңде жатыр. Осыдан көп жылдар бұрын адамдары суаттардағы саз балшықтардың пайдасын аңғара бастаған. ХIХ ғасырдан бастап, сазға көңіл бөліп, оны арнайы емдеу орталықтары мен шипажайларда қолдана бастады. Бұл емдеу шарасына бәрінің қолы жетеді. Өйткені ол үшін ақша жинап Өлі теңізге, не Қызыл теңізге тартып кетудің түкке де қажеті жоқ. Бұл емдеу шарасын сіз кез келген өңірден жасай аласыз.
Емдік саз – құрамында су мен минералды заттары мол бірден-бір дауа. Ауруға тәуелді адамдарға сазбен емдеу шарасын сульфид тұнбасы арқылы да жүзеге асыруға болады.
Шипалы саз ваннасы тұздың таралуы мен зат алмасу жұмыстарының сәтті жүруін реттейді. Жұқарған жүйке талшықтарын емдеуге де таптырмас дауа. Бұл емдік шара көбіне бойында артық салмағы көп жандарға пайдалы. Сазбен емделу барысында олар артық майдан арыла алады.
Аурудың жай-жапсарына қарай дәрігерлер адамға жалпы, не жергілікті емдеу шарасын ұсынады. Жалпы – ауру адамның толық түрде сазбен емделуі (саз толы жерге жайғастырып, эффектін арттыру үшін минералды су құйып отыру), жергілікті – тек қол, не аяқты ғана сазбен емдеу. Сонымен қатар саз арқылы бетке маска жасап, денеге жағып массаж жасауға боатынын да жадымыздан шығармауымыз керек. Шипалы сазбен емдеу шарасы температура мен саздың құрамына тәуелді. Көп жағдайда түрлі проблемалар туындамас үшін оның өлшемі мен қолданылуына нұсқаулықты дәрігерлерден алған дұрыс.
Денсаулықтың жайын бірінші жасап алыңыз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: lazarevskaya.ru, novser.livejournal.com
А. Әбілхан