- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ішекке зиян келтіретін...
Ішекке зиян келтіретін әдеттер
Иммунитеттің 80 пайызы ішек жұмысына байланысты. Оны бәріміз білеміз. Ал ішек ауырса, онда иммунитет те нашарлайды.
Адамның көңіл-күйі де иммунитетіне, яғни, ішекке байланысты. Себебі серотонин (бақыт гормоны) гормонының 95 пайызы ішектен бөлінеді.
Сондықтан ішек денсаулығын сақтаудың маңызы зор. Кейбір зиянды әрекеттерден бас тарту қажет.
Ең бірінші зиян әрекет – өңделген ет өнімдерін жеу. Оған шұжық (колбаса), шұжықша (сосиска), сарделька сынды өңделген тағамдарды жеуге болмайды. Оның орнына кәдімгі ет пен балықты жеңіз.
Екіншісі – трансмайлы тағамдарды жеу. Фаст-фуд пен консерванттар. Шұжық та осы санатқа жатады.
Үшінші әдет – ішімдік ішу. Ішімдік ағзадаға дәрумен мен ақуыздың сіңуіне зиян келтіреді. Бұдан ішек те зиян шегеді.
Төртінші әдет – қуырылған ет. Бауыр мен ішекке, өтке ауырлық түсіреді. Қуырылған ет қорытылмай ұзақ жатады, содан қабыну пайда болуы мүмкін. Мұның соңы қатерлі ісікке әкелуі ғажап емес.
Бесінші әдет – жасұнығы мол тағамдарды жемеу. Яғни, жасұнығы мол тағамдарды жеуді әдетке айналдыру керек. Адам күніне кем дегенде 25 грамм жасұнық жеуі керек. Оны жеміс-жидек пен көкөністен аламыз. Әсіресе, ашытылған орамжапырақ, қияр сынды көкөністі жесек, тіпті пайдалы. Ашытылған айран-сүт те ішекті жақсартады.
Иммунитет түсіп кеткенін білдіретін 6 белгі
Қ. Слямбек