- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ішекке ең пайдалы...
Ішекке ең пайдалы жеміс
Медицина мамандарының көбінің айтуынша, ішекке ең пайдалы жеміс – бұл алмұрт. Ішек жұмысын жақсартып, өз кезегінде адам иммунитетінің күшеюіне көмектеседі.
Алмұрттың ішекке пайдалы болатын себебі – құрамында жасұнықтың мол болуы. Бір ғана алмұрттың бойында 6 грамм таза жасұнық болады. Әсіресе, қабығында көп. Талшық күйінде болады.
Талшық тәріздес жасұсынық ішекке өте пайдалы. Ішектегі пайдалы бактерияларға азық болады. Мұндай бактериялардың көбеюіне әсер етеді. Ал пайдалы бактерия көбейген кезде, ағзаның ауруға қарсы тұру, әсіресе, қабынуды басу қабілеті күшейеді, - деп түсіндіреді диетологтар.
Сондай-ақ, алмұрттың антиоксиданттық қасиеті. Яғни, қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі.
Өндірістен, өңдеуден өткен, жасанды қоспа тағамдар керісінше ішек жұмысын нашарлатады. Тәттіге құмарлық, үнемі шаршау – осы ішек жұмысының бұзылғанын білдіреді.
Қ. Слямбек