- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ішек микрофлорасын реттеу...
Ішек микрофлорасын реттеу үшін ұстанатын диета
Ғалымдар біздің сұлулығымыз, денсаулығымыз және тіпті өмір сүру ұзақтығымыз ішек микрофлорасына байланысты екенін әлдеқашан дәлелдеген. Оның саулығын сақтау - біздің басты міндетіміз. Бірақ біздің денемізде өмір бойы жүретін және біздің әл-ауқатымызға әсер ететін көптеген қабыну процесі бар, біз олардың қаншалықты зиян екенін тіпті ойлап та жатпаймыз. Шындығында, олардың барлығы бөртпе, қызару немесе терінің күрт өзгеруі сынды анық белгілер арқылы білінбейді. Ішекте пайда болатын кей қабынудың «үнсіз» түрі, әдетте, ауыр симптомдар арқылы жүрмейді, бірақ ол жалпы денсаулығымызға елеулі әсер етуі мүмкін.
Егер сізді үнемі ұйқысыздық мазаласа және жиі суық тиіп, созылмалы аутоиммунды аурулардан зардап шегетін болсаңыз, онда сіз қабынуға қарсы диетаны қолданып көріңіз. Бірақ бір ескеретін нәрсе, бұл бірнеше апта бойы сақтап, кейін тоқтатып қоятын жаңа тамақтану жүйесі емес. Ол әдеттегі рационды толығымен қайта қарастыруды қажет етеді.
Қабынуға қарсы диета - аллергенді тағамдарды мәзірден шығару және қайта енгізу үдерісі. Барлық ықтимал аллергендерді жойғаннан кейін, сіз оларды қайта тұтына бастағанда пайда болуы мүмкін кез келген теріс реакцияны жою үшін әр өнімді үш күн сайын бір-бірден енгізесіз. Бұл процесте өзіңізді қалай сезінетініңізді ескеру және есте сақтау маңызды: егер сіз симптомдар бар кезде бәрін қатар жей бастасаңыз, реакцияны нақты не қоздыратынын анықтай алмайсыз.
Егер кейбір тағамдарды қайта енгізген кезде тағы да қабыну белгілерін байқасаңыз, олардан аулақ болыңыз. Диетаны жаңартпастан бұрын симптомдардың жойылғанын күтіңіз. Ас қорыту нашарлауы, көңіл-күй өзгеруі, шаршау, ауру, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, терінің бөртпесі немесе тыныс алудың қиындауы сынды симптомдар болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы тамақтану режимін қалай жүргізу керек? Біз тамақтанудың негізгі ережелері мен күнделікті режимді біртіндеп қалыптастырамыз.
Алғашқы 3-4 күн кафе не мейрамханадан тауық немесе балық сорпасын алдырыңыз немесе үйде пісіріңіз. Оны күніне 3-5 рет ішуіңіз керек, оған қосымша ет немесе балық жеуге болады.
Үдерістің 2-кезеңі 14 күнге созылады.
Мүлдем бас тартуға болатын тағамдар:
• қант, тәттілер, бал, қантты сусындар мен шырындар, қант алмастырғыштар;
• Глютен;
• Дәнді дақылдар;
• Сүт тағамдары;
• Жұмыртқа;
• Теңіз тағамдары;
• Соя соусы;
• Алкоголь;
• Шикі көкөністер (қызанақ, картоп);
• Консервілер, өңделген тағамдар;
• Гликемиялық индексі жоғары тағамдар;
• Барлық кептірілген жемістер;
• Сәбіз;
• Қызылша.
Диетаға қосуға болады:
• Бөдене жұмыртқасы;
• Ет;
• Қосалқы өнімдер;
• Палтус;
• Тунец;
• Теңіз тағамдары;
• Ақсерке;
• Жасыл көкөністер;
• Жасыл шөптер (руккола, кресс, айсберг, аскөк, шпинат);
• Орамжапырақтар (брокколи, брюссель өскіндері және т.б.);
• Зәйтүн майы;
• Кокос;
• Лимон;
• мүкжидек, теңіз шырғаны, қызыл қарақат, әк.
3-кезең де 14 күнге созылады. Аз -аздан рационға қарақұмық, тары, арпа, күріш қосамыз. Қоян, ешкі немесе қой сүтін қосуға болады. Жемісті күніне бір рет пайдаланып, реакцияны күтіңіз. Қара шай.
4-кезең 2 айдан астам уақытқа созылады. Өзіңіз қалаған тағамдарды диетаға қоса бастайсыз және дененің реакциясын бақылаймыз. Егер қайта енгізгеннен кейін теріс реакция байқалса, біз бұл өнімді рационға қоспаймыз.
Тамақтанудың негізгі ережелері:
1. Күніне үш реттен көп тамақтанбаңыз. Бұл ережені қатаң түрде сақтанған жөн. Сорпадан кейінгі мәзірге ауысқаннан кейін тамақтану кестесін 16/8 схемасы бойынша құруға болады. Яғни 16 сағат аштық жариялап, 3 мезгіл тамақты 8 сағаттық тағам қабылдау уақытына енгізу.
2. Баяу тамақтаныңыз. Қиын болып жатса, оңқайлар сол қолмен, солақайлар оң қолмен жегені дұрыс. Бұл нейрондарды жаттықтыруға да көмектеседі және тағамның сіңуін баяулатады.
3. Ұзақ уақыт қанықтыратын тағамдарды таңдаңыз.
4. Тамақ ішкен сайын көкөністер тұтыныңыз.
5. Соңғы тамақтануды ұйықтардан 2-3 сағат бұрын жоспарлаңыз.
Осындай диетаның бір мысалын ұсынып көрелік:
Таңғы асқа - жасыл көкөніс тілімдері мен бөдене жұмыртқасы. Немесе піскен балыққа авокадо қосып жеңіз.
Түскі асқа - дәмдеуіштер қосылған брокколи пюресі мен сиыр етінен пісірілген котлеттер. Немесе гүлді қырыққабат қосылған стейк.
Кешкі асқа - көкөніс салаты қосылған сиыр еті. Немесе мүкжидек соусы, брокколи мен Брюссель өскіндерінің қоспасы.
Осы қабынуға қарсы диетаны бірнеше апта ұстанғаннан кейін мынадай өзгерістер болады:
• салмақты тұрақтандыру;
• ұйқының қалыпқа келуі және күнделікті мазасыздықтан айығу;
• демікпе және эозинофильді эзофагит сияқты аллергиялық бұзылуларды жеңілдету (аталған аурудың қатты тағамды жұту қиындықтары, кеуде қуысының ауыруы, қайта-қайта құсу сынды белгілері бар);
• Холестерин мен қандағы қанттың жоғары деңгейін төмендету;
• Асқазан-ішек және жүрек-қан тамырлары ауруларын жеңілдету.
А. Оралқызы