Бір рет пайдаланылғаншай қалташасын тастап жіберуге асықпаңыз. Олар сізге тағы да керек болады. Жалпы халықтық медицинада шайдың емдік қасиеттері туралы көп айтылады. Әсіресе оны шығыс емшілері түрлі ауруларға мың да бір ем деп есептейді екен. Назарларыңызға шай қалташасын пайдаланғаннан соң тағы да қай жерлерге қолдануға болатыны туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.1. Ыдыстарды тот басудан қорғайдыАсүйдегі темірден жасалған ыдыстарды шай қалтасымен сүртіп тұрыңыз. Оның құрамындағы танин ыдысты тот басудан қорғайды. 2 Макарон мен дәннен дайындалатын тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланыңызШай қалташасын суға салып қайнатыңыз. Қайнаған суға макарон немесе дәннен дайындалатын тағамды салыңыз. Тағамыңыз ерекше дәмге ие болады. 3. Етті жұмсартадыШай еттің қатты болып кетуінің алдын алады және оған ерекше дәм береді. 4. Ыдыстағы майды тазалайдыПайдаланылған шай қалташасын ыстық суға батырып, оған май ыдыстарды салып қойсаңыз, көп өтпей ыдыстарыңыз айнадай жылтырап шыға келеді. 5. Үй тазалағанда қолданыңызҮйдегі ағаштан жасалған жиһаздар мен еден жууда шай қалташасын пайдалануға болады. 6. Қолдағы жағымсыз иісті кетіредіҚолыңызды қолданылған шай қалташасымен сүртсеңіз, балық, пияз, сарымсақ сияқты өткір иістер лезде жоғалады. 7. Үйдегі хош иісті жақсартадыТоңазытқыш, қоқыс шелегі басқа да жерлерге қойылған шай қалташасы үйге жағымсыз иістің таралуына жол бермейді. Тек оларды жиі-жиі ауыстырып тұруды ұмытпаңыз. 8. Кілемдерді тазалауда қолданыңызКілемді тазалауға біршама көп шай қалташасы керек болады. Сондықтан, оларды суық суға салып жинау керек. Кілемге жететіндей мөлшерде жиналғаннан кейін оларды суық судан алып жартылай құрғатыңыз. Сосын қалташадағы шайды кілем үстіне жайып шығыңыз. Біраздан соң шаңсорғышпен тазалап алсаңыз, кірмен бірге жағымсыз иіс те кетеді. 9. Үйдегі зиянды жәндіктерден арылыңызТышқан, өрмекші және осы сияқты үйде болатын зиянды жәндіктер шай иісін жақтырмайды. Үйдің әр бұрышына қолданған шай қалташасын қойып қойсаңыз олардан көп өтпей құтыласыз. 10. Сүйелді кетіредіСүйелді кетірудің ең жақсы тәсілі көк шай қалташасын пайдалану. Сүйел шыққан жеріңізге қолданған көк шай қалташасын қойыңыз. 15 минуттан соң жаңасына ауыстырыңыз. Осылай бірнеше күн екі реттен осы тәсілді қолдансаңыз сүйел өз-өзінен жоғалып кетеді. 11. Қанды тоқтатадыЕгер қолыңызды немесе денеңіздің басқа жерін абайсызда жарақаттап алсаңыз, ескі шай қалташаларын қанап тұрған жерге басыңыз. Қан тез тоқтайды. 12. Тері инфекцияларына қарсы күреседіШай конъюнктивит, герпес сынды тері ауруларына қарсы ем. 13. Ауыздағы жағымсыз иісті кетіредіАуыздан шығатын жағымсыз иістен көптеген адам зардап шегеді. Ауыздағы иістен арылғыңыз келсе көк шайдан пайдаланыңыз. Ол тіс қанауын да тоқтатады. 14. Көз айналасындағы қара дақтар мен ісінуді кетіредіШай қалташаларын мұздатып көзіңізге біраз уақыт басып ұстап тұрсаңыз, оның құрамындағы кофеин қара дақтар мен ісуді жояды. Ал, шайдағы антиоксиданттар қан айналымын жақсартады. 15. Шаш түсуіне қарсы емШашты жуғаннан соң шаймен шашыңызды қайтара жусаңыз шашыңыздың түсуі тоқтап, тез өседі.