Шәй ішкен әйелдің тістері түсіп қалды

Шәй ішкен әйелдің тістері түсіп қалды

АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын 47 жастағы әйел белін қимылдата алмайтындығын, қолы, аяғы, арқасы шаншитынын айтып, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.

Дәрігерлер науқасқа қажетті тексерулерді жүргізіп, оның ағзасындағы фиоридтердің төрт есе көбейіп кеткендігін айтады. Рентген түсірілімі әйелдің жұлын жүйесіндегі ақауларды да анықтайды.

Әйелдің дәрігері Рао мырза: "Мен мұндай жағдайларды өзімнің Отаным Үндістанда бірнеше рет ұшырастырғанмын. Сондықтан да науқастың сүлдесінде флюороздың қанат жайғандығын бірден байқадым. Бұл құрамында фторы көп тағамдарды немесе сусындарды тым артық пайдаланғандықтан туындайды. Әдетте тікелей бүйрекке әсер еткендігімен, сүйекке де зияны бар", - деген екен.

Әріптестерінің сөзін дәлелдеу үшін өзге дәрігерлер әйелден қандай тағамды немесе сусынды күнделікті пайдаланатындығын сұрайды. Америкалық күніне 100 шәй қалташасы демделетін бір құман шәйді ішетіндігін мәлімдеген. Мұндай мөлшердегі сусынды 17 жыл бойы қабылдаған әйел оны пайдалы деп ойлап келген. Нәтижесінде оның тістері түсіп, жоғарыдағыдай сырқаттарға душар болып отыр.

 Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева