- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шашты бір жуғанда...
Шашты бір жуғанда неге екі рет сусабынмен жуу қажет?
Сусабынның, яғни, шампуньнің сыртында "қайта-қайта жуыңыз", "қайталап қолдану қажет", "жуып-шайыңыз" деп жазылып тұрғанын талайымыз көрген шығармыз. Басын екі қайтара жуып жататындар да бар. Мұның мәні неде? Медициналық маңызы бар ма әлде жай манипуляция ма, соны қарастырып көрейік.
Басты қаншалықты жиі жуатыныңыз күнделікті жүріс-тұрысыңыз бен өмір салтыңызға байланысты. Шаңды, лас, қалдығы көп жерде жүрсеңіз, онда шашты жиі жуғаныңыз абзал болар.
Әдетте, шашты неге екі рет шампуньмен жу дейді. Бірінші жуғанда шаштың кірі кетеді, ал екінші жуғанда шашқа сусабынның ақуыз, ылғалы сынды пайдалы, нәрлік заттары сіңеді деседі.
Бірақ күнде немесе екі-үш күнде бір рет бас жуатын әрі таза жерде жұмыс істейтін, жүретін адам үшін шашын екі-үш қайта жуып қажет емес. Бір рет жуып, кірін кетірсеңіз жеткілікті. Ал шаң, лас жерде жүретіндерге қайтар жууына болады деседі мамандар.
Ал қалыпты адам үшін екі рет жуып қажет емес. Екінші рет сусабынмен жусаңыз, керісінше шаштың табиғи майын кетіріп алуыңыз мүмкін. Мұндайда шаш дұрыс қалпына келмей, зиян шегуі ықтимал.
Шашты екі рет жуу деген бұрынғы ХІХ ғасырдағы индустрия кезеңінен қалса керек. Ол кезде көп жуына бермейтін жұмыс адамы үшін бір жуынғанда тазаланып, шайынып алу маңызды болатын. Сол кездің тазалық құралдарының сыртында "екі рет жуыңыз, қайтара жуыңыз" деп жазу әдетке айналған.
Ал қазір сусабын өндірісі мұны маркетинг пен манипуляцияға айналдырған сыңайлы.
Ал сусабынды жөнімен, орнымен қолданып жүрсіз бе, жоқ па – оны өзіңізге қарап бағалаңыз. Егер басты бір рет жуған соң, бәрібір ұйысып, шаш мазасыз боп тұрса, онда қайта шайынып, сусабын қолдансаңыз болар.
Қ. Слямбек