Қалыптасқан үрдіс бойынша, барлығы да жұмысқа таңертеңнен барады, бірақ бұл жағдай адамның жұмыс жасау қарқынының жоғары екенін білдірмейді. Тіпті керісінше.
Аустралиялық Аделаида университетінің ғалымдары күннің қай мезгілі адам миының өнімді жұмыс жасайтынын анықтапты. Шын мәнінде, адамның миы тек кешқұрымда өнімді жұмыс жасайды екен. Тіпті түнде...
Зерттеу барысында адам басына электромагнит қойылып, жүйке белсенділігі қолдағы стимулятор арқылы бақыланған. Сонда күндізгі іс-әрекет кеш уақытында жасалған әрекеттен біршама ерекшеленгені белгілі болған. Компьютермен қатысы бар жұмыс жасайтындардың көбіне кешке қарай жұмысты тындырымды жасайтынынымен түсіндірсек болар. Түнде жұмысқа кірісудің тағы бір пайдасы – ешқандай да кедергінің болмауы.
Осыдан-ақ шаршаған адамның өнімді жұмыс жасауы айқын болып отыр. Ал бір жағынан шаршаған мидың өзге жұмыстарды жасауға деген мүмкіндігі де болмайды. Бір ғана нысанмен жұмыс жасауды пайдалы демей көріңіз. Ал түнделетін жұмыс жасаған кезде де адам тезірек ұйқы құшағына кеткісі келеді, демек ол жұмысты тезірек бітіруге тырысады, сонымен қатар сана да жұмыстың бітуіне демеу көрсетеді.
Бұл жағдай шығармашылықпен немесе өнертабушылықпен айналысатын адамдарға пайдалы.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: zdorovieinfo.ru