- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шарф таққан адам...
Шарф таққан адам жүрек ауруына шалдықпайды. Неге?
Қыста күннің суығы адам жүрегіне көп салмақ түсіреді екен. Ағзаны жылумен қамтамасыз ету үшін жүрек жылдам жұмыс істеп, артериалды қан қысым көтеріледі. Мұның бәрі жүрекке салмақ түсірері анық. Әсіресе, қанында холестерин көп, ишемиялық жүрек ауруларына шалдыққандардың мазасы қашады.
Суық күннің қаупі мынада:
- Жүрек ағзаны жылытамын деп қаттырақ жұмыс істейді;
- Артериалды қан қысымы көтеріледі;
- Қан айналымын күшейту үшін жүрекке тағы күш түседі;
- Адам денесі тоңса, суықтан қан қоюланып, жүрек ол қанды айналдыра алмай, инсульт пен жүрек талмасы ұстауы мүмкін.
Ауа температурасы төмендеп, адам денесі суықты сезген сәтте, іштегі ыстықты ұстап қалуға жалма-жан кіріседі. Бірақ жүрегі ауыратын адамдарда бұл процесс баяу жүреді.
"Суық ауа адам ішіндегі ыстықты алып қояды. Оның орнын толтыру үшін жүрек төтенше жұмыс істеуге кіріседі. Суықтан қан тамыры тоңып тарылып кетеді. Бұл да қан айналымын нашарлатады", - дейді мамандар.
Ал жүрекке қысым түсірмей, адам денесіндегі температураны дұрыс ұстап тұруға көмектесетін қарапайым тәсілдер бар екен. Соның бірі – шарф тағып жүру.
Шарфты мойынға орап, ауыз бен мұрынды жауып жүрген өте пайдалы көрінеді. Өйткені іштегі ыстықты шығармайды әрі сырттан суық ауа кіргізбейді. Суық ауа кірмегесін адам ағзасы тоңа қоймайды, жүрегі қалыпты жұмыс істемек. Егер шарф болмаса, оның орнына бетперде тағуға болады.
Қ. Слямбек