Өзіңізді әрқашан жас әрі бақытты сезінгіңіз келсе Шаолин ғибадатханасының монахы Шифу Ян Лейдің 10 кеңесімен таныс болыңыздар. Танымал діни ұстаз бәрін бүгіннен бастаған жөн дейді. Барлық ұлағатты сөздерінің астарында кез-келген нәрсенің мөлшерін білу керектігі айтылады. Сонда ғана сіз кәрілікті жеңіп, бақытты ғұмыр кеше аласыз.
1. Көп ойланып-толғанбаңыз. Ол сіздің энергияңызды алып, тез қартайтады.
2. Көп сөйлемеңіз. Барлығын сөзбен емес, іспен көрсететін адам болыңыз.
3. Үзіліс жасаңыз. Егер жұмысыңыз тым көп болса, әр 40 минут сайын 10 минут үзіліс жасап тұрыңыз. Өйткені бір нәрсеге ұзақ отырып қалсаңыз, көз көруіңіз әлсіреп, басыңыз айналуы мүмкін.
4. Егер бақытты болсаңыз, өз-өзіңізді қадағалаңыз. Ал егер қадағаламасаңыз Лунгқа зиян келтіресіз. Ол өмірлік желдің энергиясы.
5. Көп уайымдамаңыз және ұзақ ренжімеңіз. Өкпе-ренішті ұмытыңыз. Егер көпке дейін ұмыта алмасаңыз ішектеріңіз бен бауырыңызға зақым келтіресіз.
6. Көп жеп қоймаңыз. Тамақты тым көп жеу көкбауырыңызға және басқа да мүшелеріңізге зиянын тигізеді.
7. Шаруада асықпаңыз. "Асықпаған арбамен қоян алар" деген сөзді жадыңызда ұстаңыз.
8. Босаңсумен және керілумен айналысыңыз. Егер физикалық салмағыңыз көп болып кетсе, міндетті түрде медитация және стретчингпен шұғылданыңыз. Ол сізге Инь энергиясын жоймауға көмектеседі.
9. Күш-қуатқа көңіл бөліңіз. Күн сайын кем дегенде 30 минут белсенді спортпен айналысу керек.
10. Кунг-фумен шұғылданыңыз. Бұл спорт түрі Инь және Янь энергиясын теңдестіру үшін қажет. Сонымен қатар денеңіз бен ақыл-ойыңызға үйлесім сыйлайды.
Сурет: myanmargold.com