Ішіңіздің оң немесе сол жағы қатты түйіліп ауырады ма? Бұл жағымсыз сезім кейде қиын тыныс алумен, жүрек айнумен және бас ауыруымен қатар жүреді. Ол түрлі проблемалар себебінен пайда болуы мүмкін.
Несеп-тас ауруы
Бұл ауру зат алмасудың бұзылуынан дамиды және несеп айдағыш жүйе органдарында тастардың түзілуін ынталандырады. Бұл аурудың дамуына ықпал ететін себептер көп:
- ұзақ уақыт бойы кермек су ішу;
- ащы, қышқыл және тұзды тамақты артық жеу;
- бүйрек қызметінің бұзылуы;
- зат алмасудың бұзылуы;
- аз қозғалысты өмір салты;
- таза суды жеткілікті мөлшерде ішпеу.
Гинекологиялық аурулар
Іштің бір жақ шетінің түйіліп ауыруы жатыр патологиясы себебінен болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол белсенді қозғалыс, физикалық жүктеме және бұрылу кезінде қаттырақ ауырады. Кейде бұл жағымсыз сезім түшкіру немесе жөтелу кезінде де пайда болады. Сондай-ақ етеккір циклінің бұзылуы оң жақ бүйірдің ауыруына себеп болады.
Созылмалы панкреатит (ұйқы безінің қабынуы)
Созылмалы панкреатитпен ауыратын адамдар майлы, қуырылған және жоғары калориялы тамақты көп жеп қойса, жиі іші түйіліп ауырады. Жағымсыздық тамақтанғаннан кейін бірнеше минуттан соң басталып, бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Сондай-ақ созылмалы панкреатит кезінде іштің сол жағы ауырады және адамның жиі жүрегі айниды. Бұл аурудың тағы бір белгісі — жоғары газ түз түзілу.
Тітіркенген ішек синдромы
Іш тұсының сыздап ауыруы тітіркенген ішек синдромының белгісі болуы мүмкін. Ол күйзеліс, гормонды жаңылыс және ішектегі өте жиі немесе баяу жиырылудан пайда болады.
Бірақ іштің түйіліп ауруы — тітіркенген ішек синдромының жалғыз белгісі емес. Бұл ауруға шалдыққан адам сондай-ақ ұйқының бұзылуы, іштің кебуі және шаршаңқылықпен қиналады.
Физиологиялық факторлар
Іштің түйіліп ауыруы физикалық жүктемелерден де болуы мүмкін. Адам максимум белсенділік кезіде қатты ауырсынады. Жағымсыз сезім 10-20 минутқа созылуы мүмкін. Бірақ егер ішіңіз жиі түйіліп ауырса, ол патологиялық процесті көрсетуі мүмкін. Іштің түйіліп ауыру қаупін азайту үшін жүгіруден (немесе жылдам жүріспен серуендеуден) 30 минут бұрын тамақтан баст тарту қажет. Сондай-ақ спортпен айналыспас бұрын жақсылап шынығып алуды ұмытпаңыз.
Ұйқы безі ауруы
Ұйқы безі — іштің жоғарғы бөлігінде, омыртқадан сәл солға қарай орналасқан орган. Егер ұйқы безі ауруы болса, оның қатты ауыратыны соншалық, ол бүкіл іште сезіледі және арқаға беріледі.
Жарықтар (грыжи)
Іштің түйіліп ауыруы жарықтың белгісі болуы мүмкін. Жарық тұқымқуалаушылық бейімділіктен, жастың өзгеруі, аз қозғалысты өсмір салты және ауыр физикалық жүктемеден пайда болуы мүмкін. Бірақ жарықтың даму қаупін азайту үшін және іштің түйіліп ауыруын болдырмас үшін рационды реттеу, артық физикалық жүктемеден арылу және салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Асқазан патологиясы
Асқазан және асқорыту жолы аурулары — іштің бір жақ шетінің түйіліп ауыруының тағы бір себебі. Әдетте, оған гастрит, дуоденит, асқазан қатерлі ісігі немесе асқазан жарасы себеп болады. Ал бұл аурулардың пайда болуына ішімікке салыну, жүйке жүйесінің зақымдануы, дұрыс тамақтанбау және толыққанды демалыстың болмауы ықпал етеді. Асқорыту органдары ауруларының дамуына эндокринді жүйелер аурулары, паразиттік патология және темекі тарту себеп болуы мүмкін.