Арықтаудың оңай жолдарының бірі, соңғы кезде танымалдыққа ие болған іш массажы жайлы біраз айта отырып, оның дұрыс жасалу жолын үйренейік.
Іш массажы толықтай артық салмақтан арылу жолы бола алмайды, алайда дұрыс тамақтану, спортпен шұғылданумен қатар, осындай массаж жасауды әдетке айналдырсаңыз, іш бұлшық еттері шымырлай түсіп, күшіңіз бекер кетпей, арықтау процесі тезірек бола алады. Сондай-ақ арықтағаннан терінің салбырап кетпеуін қадағалайды.
Іш массажын бастамас бұрын, суға түсіп, теріңізді скрабпен тазалап, жібітіңіз. Арнайы массаж щеткасын қолданған дұрыс. 5 минут бойы ішіңізді жүрекке қарай айналдыра массаж жасаңыз. Теріңіз шамалы қызаруы керек. Артынан ішіңізді жылы және салқын сумен қатарлап шайыңыз.
Енді массаждың өзін бастауға болады.
Маңызды! Қолыңыз жылы болуы керек.
Дауа үшін денеге арналған крем не лосьон, май қолданыңыз. Ішті жүрекке қарай бағыттап уқалаймыз. Ішті қатты басып, ауыратындай қимылдар жасамаңыз. Массаж жасау жеңіл болуы үшін ішті жұдырықпен уқалаған жөн.
Алақанды жайып, бірге қосылған саусақтармен жасалған массаждың да әсері жақсы. Массаж барысында ішті қатты баспауға тырысыңыз.
Бал массажы
2 шай қасық табиғи балға бірнеше тамшы кез келген эфирлі май қосыңыз. Балды алақаныңызбен ысқылап, ішіңізді шапалақтап қойыңыз. Дауа барысында бал қоюлана түсіп, қол мен ішіңізге жабысады. Осылайша вакуум әсері орын алып, массажды одан әрі әсерлі қылады. Бал ағара бастаған сәтте, теріңізден зиянды заттар бөлінгенін біліңіз. Оны жылы сумен сүртіп, қайта бал жағып, массажды жалғастырыңыз. Бұл дауаға 20 минут жарап жатыр.
Бал массажы өте нәтижелі болып саналады, одан кейін жылы суға түсіп, дем алыңыз.
Білген абзал!
Кез келген массаж кезінде қатты ысқылау мен нәзік уқалауларды кезек-кезек істеуге тырысыңыз. Массаждың әсерін көбейту үшін, құрамында табиғи шөптер мен эфир майлары бар кремдер қолданыңыз. Ең нәтижелі кремдер – құрамында грейпфрут, апельсин, лимон, жалбыз, түймедағы бар түрлері. Теріңізге крем не май жағып, ол аяғына дейін теріге сіңгенше массажды жалғастырыңыз.
Деніңіз сау болсын!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: babsait.ru